БҚО-да халыққа мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімдіктер 897 бұзушылыққа жол берген
Бұзушылықтардың ең көп саны, атап айтқанда 850 факт заңнамада көзделмеген құжаттарды талап етуге қатысты.

2023 жылы жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша мұндай деректерді БҚО цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрсұлтан Нұрлан РСК брифингінде айтты.
Бұзушылықтардың ең көп саны, атап айтқанда 850 факт заңнамада көзделмеген құжаттарды талап етуге қатысты болды, 27 жағдайда қызмет көрсету мерзімдері сақталмады.
– Цифрлық технологиялар басқармасы соңғы үш жылда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау бойынша талдау жүргізді. Мерзімдерді бұзудың жалпы саны 210 фактіні құрады. Мұндай бұзушылықтар бойынша әкімдіктер арасында көшбасшылар Теректі ауданының, Орал қаласының және Бәйтерек ауданының әкімдіктері болып табылады, – деп атап өтті Нұрсұлтан Нұрлан.
Сонымен қатар, спикердің айтуынша, салыстырмалы талдау көрсеткендей, қызмет көрсету мерзімін бұзудың көпшілігі жер қатынастары, сәулет және ауыл шаруашылығы саласында байқалады. Мәселен, 2023 жылы жалпы 56 мерзімнің бұзылуынан тек жер қатынастары мен сәулет саласында 41 факт жіберілді. Бұл негізінен құрылыс және қайта құру жобаларын әзірлеу кезінде жер учаскелеріне құқықтарды алуға және бастапқы материалдарды беруге қатысты, деп нақтылады басқарма басшысы.