Батыс Қазақстан облысында 100 млрд теңгеге 500 шақырым жол жөнделеді

Соның 277,5 шақырымы (33,7 млрд теңге) – жергілікті жолдар.

«ОА» мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысында биыл 100 млрд астам теңге қаражатқа 500 км астам жолды жөндеу көзделіп отыр.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің мәлім еткеніндей, соның 277,5 шақырымы (33,7 млрд теңге) – жергілікті жолдар.

Оның сөзіне қарағанда, нәтижесінде жыл соңында жергілікті автомобиль жолдарының нормативтік жағдайдағы үлесі 58 пайызға жететін болады.

«Осы орайда соңғы жылдары халық жиі айтып жүрген шалғайдағы Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын жолды биыл толық бітірмекшіміз. Алдыңғы жылдары аяқталмай қалған 120 шақырым жолдың 104-і 2023 жылы мәресіне жетті. Биыл қалған 16 шақырымға асфальтбетон төселеді. Сондай-ақ Бөкей ордасы ауданының тарихи Хан ордасы ауылына кіреберіс жолды (21 км) жөндеп, биыл аяқтайтын боламыз. Қазіргі таңда мердігерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыстағы басқа бағыттардағы жолдар да бақылауымызда болады», – деді өңір басшысы.

Айта кетейік, 2023 жылы 82 млрд теңгеге 562 шақырым жол жөнделді. Соның нәтижесінде автомобиль жолдарының сапасы 46-дан 52 пайызға өсті.

Дереккөз: Іnform

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-28
Утром2.49 ℃
Днем6.04 ℃
Вечером5.87 ℃
Ночью2.99 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра10.57 м/с
2025-04-29
Утром1.2 ℃
Днем9.81 ℃
Вечером11.69 ℃
Ночью7.31 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра6.25 м/с