Оралдағы жер дауы: Бас прокуратура Көлгіновтың 9 жыл бұрынғы қаулысын тексеріп жатыр

Аталған проблеманы Парламент қабырғасында көтеріп әуелі депутат Абзал Құспан Бас прокуратураға депутаттық сауал жолдаған еді.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Алтай Көлгінов 2015 жылы Орал қаласының әкімі болып тұрған кезде шығарған қаулысы – даулы ісі болайын деп тұр. Бас прокуратура сол қаулы бойынша Батыс Қазақстандағы рекреациялық аймақ үй салуға қалай беріліп кеткенін қайта тексермек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәселе қайда көтерілді?

Аталған проблеманы Парламент қабырғасында көтеріп әуелі депутат Абзал Құспан Бас прокуратураға депутаттық сауал жолдаған еді. Құспанның айтуынша, 2023 жылы АШМ жер ресурстары комитеті Орал қаласы әкімінің 2015 жылы ақпанда шыққан №605 қаулысын заңсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Сол кезде Орал қаласын басқарған Алтай Көлгіновтың қаулысына сәйкес, қала тұрғындарына бағбандықпен айналысу үшін «Венера» бағбандық серіктестігі арқылы жер учаскелері заңсыз берілген. Нулы жер учаскелері Жайық өзенінің рекреациялық су қорғау аймағына жатады. Соған қарамастан, ағаштар оталып, үйлер салынып кеткен.

– Сотта қала әкімінің өкілі заңбұзушылықпен толық келісе отырып, соттан 3 жылдан астам уақыт өтіп кетуіне байланысты уәкілетті органның талап арызын қанағаттандырудан бас тартуды сұрайды. Прокуратура өкілі де қалалық әкімшілікті қолдап қорытынды береді. Судья да олармен келісіп талап арызды қанағаттандырусыз қалдырады. Жоғарғы сот өзінің 2023 жылғы қаулысымен бұл шешімді заңды деп табады, – дейді Абзал Құспан.

Күдікті анықталмай, іс тоқтатылған

Осы іспен айналысу барысында депутаттың қолына «Венера» бағбандық серіктестігінің арызы бойынша жергілікті антикор тарапынан жүргізілген тергеу материалдары түскен. Оған сәйкес 2019 жылдан бастап, осы факт бойынша тіркелген қылмыстық іс екі рет қысқартылған. Абзал Құспан дәл осы қылмыстық іс тергеліп жатқан тұста, 2022 жылы жаңа жылдық қарбаласты пайдаланып әлдекімдер гипрозем мекемесінің архивіне қасақана өрт қойып, соның салдарынан жер кадастрының мәліметтер базасы орналасқан сервер жанып кеткенін айтады. Қазір бұл қылмыстық істе күдіктінің анықталмауына байланысты тоқтатылған.

– Мен бұл мәселені қазіргі облыс прокуроры және антикор басшысына арнайы жолығып, жеткіздім. Қызметтеріне бұл оқиғалардан кейін тағайындалған бұл басшылар істі қайта жандандырып, әділдікті қалпына келтіреді деп сенемін, менің айтқым келіп отырғаны Жоғарғы сот заңдастырып берген шешімнің артында осыншама заңсыздықтар, тіпті қылмыстық фактілер орын алғаны, – дейді депутат.

Бас прокурордың жауабы

Бас прокурор Берік Асылов депутатқа берген жауабында Жоғарғы сот Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің талабын қанағаттандырудан бас тартқанын растайды.

– Жоғарғы сотта департаменттің Орал қаласы əкімінің 2015 жылғы 20 ақпандағы қаулысына дау айту жөніндегі талап қоюын қанағаттандырудан бас тарту туралы сот актілері мəні бойынша қайта қаралмаған. Азаматтық істі зерделеу нəтижесінде Жоғарғы сотқа наразылық келтірдім, оның қаралу күні туралы тараптарды сот хабардар етеді, – дейді Берік Асылов.

Бас прокурор Орал қаласы əкімдігінің лауазымды тұлғаларымен заңнама талаптарына қайшы жер учаскелерін табыстауға жəне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстағы филиал мұрағатындағы өртке қатысты қылмыстық істер қазіргі уақытта тергеліп жатқанын хабарлайды. Сот ісін жүргiзудi тоқтата тұру жəне сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзу туралы шешімдердің күші жойылған.

Еске салайық, былтыр 8 маусым күні президент Тоқаев Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатты, бұл қызметте ол алты айдан аз уақыт қана жұмыс істеген. Көп өтпей Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев “премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Алтай Көлгіновтің үстінен іс қозғалды ма?” деген туралы сұраққа жауап берген болатын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Алтай Көлгінов әкім болған кезде заңсыз жер учаскелерін беруге қол қойған – депутат

БҚО-да әкімдер миллиондаған гектар жерді заңсыз берген

БҚО соты Жайықтың жайылмалы ормандарындағы карьерді жер қойнауын пайдаланушы компаниядан қайтарып алды

БҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссияның әрекетсіздігі туралы Мәжіліс депутаты мәлімдеді

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-05
Утром-4.74 ℃
Днем-4.27 ℃
Вечером-3.16 ℃
Ночью-4.57 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра4.51 м/с
2024-12-06
Утром-6.71 ℃
Днем-3.76 ℃
Вечером-5.66 ℃
Ночью-6.99 ℃
Влажность65 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.79 м/с