Соңғы аяз: Орал мен Ақсайдағы ауа райы болжамы
Алдағы апта суық болады, деп болжайды «Қазгидромет» АҚ синоптиктері. Ауа температурасы соңғы қыс айындағы орташа айлық деңгейден қалыптан тыс төмен болады. Солтүстік-шығыстан Батыс Қазақстан облысының аумағына арктикалық циклон әсер етеді, ауа температурасы түнде -10… -25 дейін, күндіз — 5-15 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
Жел ертең оңтүстік-шығыс бағыттан солтүстік-шығысқа ауысады. Сейсенбі, 20 ақпан, түстен кейін -10°. Түнде ауа температурасы төмендейді, ал сәрсенбі,
21 ақпанда таңертең термометрлердің бағандары -18°көрсетеді. Осы күннен бастап ашық, шуақты ауа-райы болады. Жауын-шашын апта бойы күтілмейді.
21 ақпан, сәрсенбі күні түстен кейін –18°… -11°болады. Түнде аяз -21°дейін күшейеді.
Бейсенбі, 22 ақпан, түстен кейін -21°… -11°.
Бейсенбіден жұмаға, 23 ақпанға қараған түні -25°дейін өте суық болмақ. 23 ақпан күні түстен кейін-20° …11°.
Демалыс күндері де аязды болады, 24 және 25 ақпан, күндіз -22°…-13°, түнде -25°…-26°.