БҚО-да екі адам жанжалдасып, бірінің аяғына оқ атып жіберген

Қазіргі кезде адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: БҚО полиция департаменті

БҚО-ның Ақсай қаласында оқ атып, ер адамды аяғынан жарақаттаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Сол күні кешкісін күдікті көршісінің үйіне барады. Кейін сол үйге қонаққа келген ер адам екеуінің арасында жанжал туындайды.

Содан кейін күдікті кетіп қалып, қайта оралып келіп, оқ ата бастайды. Оның бір оғы аулада тұрғандардың бірінің аяғына тиеді. Оқ атқан адам оқиға орнынан қашып кетеді.

Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстау үшін дереу жедел іздестіру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні оқиғаның ізін суытпай қолға түсірді, ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық қару тәркіленіп, іс материалдарына тігілді.

Қазіргі кезде адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомстводан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-07
Утром-10.65 ℃
Днем-5.56 ℃
Вечером-9.71 ℃
Ночью-10.75 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра5.56 м/с
2025-02-08
Утром-11.91 ℃
Днем-7.59 ℃
Вечером-9.27 ℃
Ночью-10.58 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра4.44 м/с