БҚО-да мүгедектігі бар адамдар үшін бюджет қаражатының ысырап болғаны анықталды

Прокуратура қызметкерлері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бөлінген бюджеттен 50 миллион теңгеден астам шығынды анықтады.

Көрнекі сурет

Орал қаласының прокуратурасы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бюджет қаражатының ысырап болғанын анықтады, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокуратура қызметкерлері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бөлінген бюджеттен 50 миллион теңгеден астам шығынды анықтады.

Бұл факт мүмкіндігі шектеулі адамдарды автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді тексеру барысында анықталды.

Мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін өнім беруші көрсетілген қызметтердің жалған актілерін сағат санын және көрсетілетін қызметті алушыларды асыра бағалау жолымен ұсынды, осылайша бюджет қаражатының негізсіз төленуіне әкеп соқтырды.

Материал прокуратура ақпаратын есепке алу кітабында тіркелген және ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) шешім қабылдау үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-13
Утром-10.24 ℃
Днем-5.98 ℃
Вечером-8.77 ℃
Ночью-11 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра2.46 м/с
2025-02-14
Утром-12.15 ℃
Днем-4.98 ℃
Вечером-8.41 ℃
Ночью-10.67 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра3.85 м/с