«Иә, қымбат, бірақ»: Әрінов әкімдердің бәріне су қоймаларын салғызуды ұсынды

Соңғы үш жылдағы статистикаға сәйкес, қабылданған алдын алу шараларына қарамастан, жылда Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының елді мекендерін су басуда.

Фото: Ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің сөзінше, 10 өңірдің елдімекендерін су басу қаупі барын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Атап айтқанда, тау суларының ағыны салдарынан Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстары; қардың көп еруіне байланысты: Батыс Қазақстан, Ақмола, СҚО, Қарағанды, Павлодар және Қостанай өңірлері. Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша қажетті іс-шаралар кешенін өткізді. «Көктем» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде басқару органдарының күштері мен құралдарының нақты дайындығы тексерілді. Халықты құлақтандыру пысықталды, зардап шеккен азаматтарды жинау пункттері дайындалды, – дейді Әрінов үкімет отырысында,.

Оның сөзінше, елдімекендерде уақытша бөгендер салу және үйемелеу (114 км), арықтарды, каналдарды (1 904 км), сондай-ақ авто және темір жолдардағы су өткізу құрылыстарын тазарту (5 002 дана) нақты түрде жүргізілген. Елді мекендерден 10,5 миллион текше метрден астам қар шығарылған.

– Бірақ, жыл сайынғы тәжірибе көрсеткендей бұл жеткіліксіз. Соңғы үш жылдағы статистикаға сәйкес, қабылданған алдын алу шараларына қарамастан, жылда Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының елді мекендерін су басуда. Осы дәйектерді ескере отырып, халықты су тасқыны қаупінен қорғау мәселесін жедел және бұдан да нәтижелі шешу қажет», – дейді ол.

Әріновтың ұсынысы

Төтенше жағдайлар министрі жергілікті деңгейде әкімдіктердің тиісті құзыреті мен тетігі бар су тасқынына қарсы іс-шараларды жүз пайыз қаржыландыруды жоспарлау қажет деп есептейді.

– Қабылданған шаралар тиімді болуы тиіс және уақытша болмауы керек, нәтижесінде олар өңірлердегі су тасқыны жағдайын шешуі керек. Мысалы Көксарай суреттігішінің құрылысы Сырдария өзеніндегі 400-ден астам елді мекенді су басу қаупін біржола жоюға мүмкіндік берді. Биыл Ақмола облысындағы Есіл өзенінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының елді мекендерін су басу қаупін болдырмайтын Есіл су реттегішін салу жоспарлануда. Республика бойынша 40 су қоймаларын салу керек.

Иә бұл әкімдіктер үшін қымбат болады, бірақ бұл халықтың қауіпсіздігін арттыруға және олардың мүлкін жоғалту салдарынан туындайтын әлеуметтік шиеленісті азайтуға мүмкіндік береді. Бір мезгілде жазғы кезеңде ауыл шаруашылығы алқаптарын суару мәселелерін шешеді, – дейді ол.

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов министрге: «Шыңғыс Сайранұлы, егер (су тасқынына қатысты) ахуал күрт нашарлап кетсе, қандай шұғыл шаралар қабылдайсыздар? Жоспар бар ма? Біз кез келген жағдайға дайын болуымыз керек», – деп нақты сұрақ қойды.

Шыңғыс Әрінов дайындық пысықталғанын атап өтті.

Сондай-ақ менің тарапымнан өңірлердегі төтенше жағдайлар департаменті басшыларына тиісті құзырет берілген. Олар тез арада ешқандай бюрократиясыз, келісімсіз шешім қабылдай алады. Министрлік тарапынан тиісті координация іске асырылады», – деді ол.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-09
Утром-11.94 ℃
Днем-9.01 ℃
Вечером-7.8 ℃
Ночью-9.44 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.65 м/с
2025-02-10
Утром-10.23 ℃
Днем-4.71 ℃
Вечером-7 ℃
Ночью-9.73 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра4.48 м/с