Аязды, шуақты: Орал мен Ақсайдағы ауа райы болжамы
Солтүстік суық ағындармен қаныққан кең Сібір антициклоны Қазақстанның басым бөлігінде әлі де аязды, желсіз ауа-райын сақтайды, деп хабарлайды синоптиктер. Батыс Қазақстан облысында келесі аптаның ортасына дейін орташа тәуліктік температурасы климаттық нормадан 8° және одан жоғары төмен қалыптан тыс суық ауа райы болады.

Жел солтүстік-шығыс бағытта тұрақты. Тыныш, шуақты ауа-райы болады.
Аптаның барлық күндері бірдей суық болады, күндіз -22°… -15°, түнде -27°… -28°.
26 ақпаннан кейін, дүйсенбіден бастап Атлантикалық циклон әсер ете бастайды. Аяз әлсіреп, күн күрт жыли бастайды.