БҚО-да кейбір Ресейлік сүт өнімдерінде сәйкессіздік анықталды
Күшейтілген зертханалық бақылау шеңберінде Ресей Федерациясы өндірісінің май-қышқыл құрамын зерттеуге сүт өнімдері алынды, олардың ішінен сүт өнімдерінің 1 сынамасы бойынша май-қышқыл құрамы бойынша сәйкессіздіктер анықталды.

Азық-түлік таңдау адамның әл-ауқаты мен өмір сапасына әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Тұтыну нарығын әртүрлі тағам өнімдерімен қанықтыра отырып, қауіпсіз және сапалы өнімді дұрыс таңдау оңай емес.
Күшейтілген зертханалық бақылау шеңберінде Ресей Федерациясы өндірісінің май-қышқыл құрамын зерттеуге сүт өнімдері алынды, олардың ішінен сүт өнімдерінің 1 сынамасы бойынша май-қышқыл құрамы бойынша сәйкессіздіктер анықталды, атап айтқанда: ультрапастерленген сүт «Добрая Буренка» майдың массалық үлесі 3,2%. Өндіруші: «Саратов сүт комбинаты» ЖШҚ, Ресей, Саратов облысы, Саратов қаласы, Сокур трактісі, дайындалған күні: 09.05.2023 ж., жарамдылық мерзімі 03.02.2024 ж. дейін.
Бұдан басқа, май өнімдерінің үлгілерін сатып алу кезінде, атап айтқанда:
- Слобода күнбағыс майы, тазартылған дезодорацияланған, жоғары сұрыпты, мұздатылған (дайындаушы: ЭФКО АҚ, Ресей, Белгород облысы, Алексеев ауданы, Алексеев қаласы, Фрунзе көш, 2);
– «Богатовское» күнбағыс майы, тазартылған дезодорацияланған, жоғары сұрыпты, мұздатылған (дайындаушы АҚ «Богатовский маслоэкстракционный завод», Ресей, Самара облысы. Богатовск ауданы. Богатое ауылы, Заводская көш, 33);
– «Сергиевский»күнбағыс майы, тазартылған дезодорацияланған, жоғары сұрыпты, мұздатылған (дайындаушы ЖК «Шахметов Рамиль», Татарстан Республикасы, Қазан қаласы, Магаданская көш, 16А, 11 пәтер, дайындаушы ТР, Лаишевский ауданы, Усад ауылы), КО ТР 022/2011 «Тамақ өнімдерін таңбалау бөлігінде» талаптарына сәйкес жоғарыда аталған май өнімдерінің жазылған таңбалануында мемлекеттік тілде ақпарат көрсетілмеген.Сәйкес келмейтін тағам өнімдері бойынша әкімшілік шаралар өткізілді.
БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің шығарылуы мен айналымына одан әрі жол бермеу жөнінде ұсыныстар кәсіпкерлік субъектілеріне берілді.