Оралда қаңғыбас иттер бірнеше қойды тамақтап кеткен

Орал қаласында қаңғыбас иттер аулада тұрған бірнеше қойды тамақтап, өлтіріп кеткен.

Фото: өңір тұрғындарынан

Орал қаласында қаңғыбас иттер аулада тұрған бірнеше қойды тамақтап, өлтіріп кеткен.

Қалаға қарасты Серебряков кентінің тұрғыны Марат Өтешевтің айтуынша, оқиға 20 ақпан күні болған.

«Сағат 16.00-17.00-дер шамасында қаңғыбас иттер осы ауылда тұратын ағам Амангелді Өтешевтің ауласына кіріп, екі қой, бір қозыны жарып кетті. Бұдан екі-үш күн бұрын тағы бір қойды өлтіріп кеткен еді. Қазіргі кезде учаскелік полиция инспекторлары келіп, оқиғаны тексеріп жатыр. Ауылда қаңғыбас иттер көбейіп, күш бермей тұр», – деді М.Өтешев Kazinform тілшісіне берген сұхбатында.

Орал қалалық ветеринариялық станциясының директоры Ерлан Ищанов Серебряков ауылынан да арыз-шағым түскенін, сол бойынша тиісті шаралар қолға алынатынын жеткізді.

«Қалада бұралқы иттердің көбейіп кеткені рас. Біз арыз-шағым бойынша барған кезде кей тұрғындар кедергі келтіреді. Иесі жоқ иттер топ-тобымен жүреді. Олар стерилизациядан өтпеген, чиптелмеген. Міне, сол қаңғыбас иттерді аулауға барған кезде екі-үш күн бұрын ер адам біздің қызметкерлерді балағаттағанымен қоймай, артынан келіп, бөтелкемен соғып, біреуінің басын жарған. Осындай шетін оқиғалардың алдын алу бағытында қала әкімдігіне бізбен полиция қызметкерлерінің бірге шығуы керектігі жөнінде ұсыныс айтып келемін», – деді Е.Ищанов.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі Серебряков ауылындағы оқиға бойынша ақпараттың кейін берілетінін айтты.

Иттердің адамдарға зақым келтіруі де тыйылмай тұр. БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, биылғы қаңтар айында ит тістеген адамның саны 176-ға жеткен. Соның ішінде 142-сін ит қауып алған, 33-ін мысық тістеген.

«142 адамды қапқан 45 иттің иесі бар, ал 97-сі – қаңғыбас иттер. Тістелгендердің 34-і – 14 жасқа дейінгі балалар. Облыста құтырма ошағы тіркелген жоқ», – деді Н.Мұстаев.

Дереккөз: KAZINFORM

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-17
Утром-9.94 ℃
Днем-5.48 ℃
Вечером-4.15 ℃
Ночью-3.38 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра5.33 м/с
2025-01-18
Утром-3.63 ℃
Днем-3.69 ℃
Вечером-3.32 ℃
Ночью-3.27 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.66 м/с