40 мыңға жуық қазақстандық әскери қызметке шақырылады
Қазақстан президентінің 2024 жылғы міндетті әскери қызметке кезекті шақыру Жарлығын іске асыру туралы Үкіметт қаулысы қабылданды.
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдеріне мыналар жүктелсін:
- шақыру комиссияларының жұмысын және 2024 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 39180 ер азаматты әскерге шақыруды қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шақыру учаскелерін медициналық қамтамасыз ету;
- Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылушыларды жинау және әскерге жіберу орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырсын.
- Көлік министрлігіне Қарулы Күштерге, Ішкі істер министрлігіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Мемлекеттік күзет қызметіне запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметшілер мен әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз ету тапсырылды
Сондай-ақ, Қорғаныс, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктері міндетті әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ міндетті әскери қызметке запасқа шығарылған әскери қызметшілерді тікелей әскери қызмет өткеретін ұйымдарға жеткізу, тасымалдау, олар ұсынған шот-фактуралар бойынша, республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген бөлiмдер шегiнде шығындарын өтейтіні көрсетілген.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.