БҚО-да бұрын жөнделген жол келесі жылы қайта жөнделеді
Өңірде 2020 жылы пайдалануға берілген Чапаев-Жалпақтал-Казталовка республикалық трассасының бір бөлігі жарамсыз болып қалды.

Баспасөз мәслихатында облыс әкімі Нариман Төреғалиев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, биыл Казталовка-Жәнібек жолының жөндеу жұмыстары толығымен аяқталатынын айтты. Алайда, Чапаеводан Жалпақталға дейінгі учаскені қайтадан жөндеуге тура келеді, бірақ 2025 жылы. Трасса «ҚазАвтоЖол» ҰК балансында.
— Биыл біз Жәнібекке және Бөкейордаға қарай жолды соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Чапаев ауылынан Жалпақталға дейінгі учаскеге келетін болсақ, биыл бұл жолды қозғамаймыз. Мен «ҚазАвтоЖол» төрағасымен сөйлестім, біз Казталовка-Жәнібек жолы биыл толығымен аяқталған кезде, келесі жылы Чапаево-Жалпақтал учаскесін күрделі жөндеуді бастаймыз деп шештік. Себебі, жол жұмыстары жүріп жатқан кезде келесі жылға дейін бұл жолды тағы да бүлдіреміз, өйткені балама жол жоқ, — деді облыс әкімі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК филиалында ұзындығы 175 км Чапаево-Жалпақтал-Казталовка жолын күрделі жөндеу 10 жыл бұрын басталғанын түсіндірді. 2020 жылы жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл жол ағымдағы күтімде, бірақ дұрыс қолданбау салдарынан біртіндеп бұзылуда.
Казталовка-Жәнібек жолына келетін болсақ, оны жөндеу 2020 жылы басталды. Күрделі жөндеудің жалпы ұзындығы 142 км, автожолдың 137 км-ас асфальтбетон жабынының төменгі қабаты салынған.
Өткен жылы облыс әкімінің айтуынша, 617 шақырым автожол жөнделді. Биыл 500 шақырымнан астам жол жөндеуді бастау жоспарлануда, оған бюджеттен 100 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО-да жолдың құрылысына кірістірілген ауыр жүк көліктері жаңа жолдарды қалай бұзғанын көріп отырмыз – Қарабаев
БҚО-дағы «Орал-Тасқала» тасжолын шамадан тыс жүк тиелген самосвалдар қиратуда
