БҚО-да ертең сейсмикалық жаттығулар өтеді
Төтенше жағдайлар министрлігі 23 ақпанда еліміздің барлық өңірінде жоспарлы сейсмикалық жаттығулар өткізілетінін хабарлады.
23 ақпан сағат 11.00-де жоспарланған сейсмикалық жаттығуларда авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды өткізу, өңір тұрғындарын төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларына үйрету шаралары жоспарлануда.
ҚР 2.03-30-2017 «Сейсмикалық аймақтарда құрылыс» ережелер жинағына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының аумағында қарқындылығы 5-6 балл болатын жер сілкінісі аймағына 9 елдімекен енеді, олар: Орал қаласы, Жаңақала, Казталов, Бөкей ордасы, Тасқала, Теректі, Ақжайық, Шыңғырлау, Бәйтерек аудандары.
Жер сілкінісі орын алған жағдайда әрбір тұрғын келесі ұсынымдарды білуге тиіс:
- сабыр сақтаңыздар, үрейленбеңіздер;
- лифтті қолданбаңыздар, баспалдақтармен жүрмеңіздер;
- жиһаз бен терезелердің маңында тұрмаңыздар;
- ғимаратты жедел босатуға тырысыңыздар;
- шығар алдында суды, газды және электр қуатын сөндіруді ұмытпаңыздар;
- барлық қажетті заттар мен құжаттарды өзіңізбен бірге алыңыздар;
- электр желілері, ғимараттар және ағаштардың маңынан аулақ болыңыздар.
Жер сілкінісі аяқталған соң келесі нұсқаулықтарды орындаңыздар!
- мұқтаж адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетіңіздер;
- мүмкіндігінше үйінділердің астында қалған адамдарды шығаруға тырысыңыздар;
- Сақ болыңыздар! Балалар, науқастар және қарттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер. Оларды тыныштандыруға тырысыңыздар;
- радиотрансляцияны қосыңыздар. Жергілікті билік немесе жедел штабтың нұсқауларына ғана бағыныңыздар;
- жер сілкінісі кезіңде зақымданған газ құбырлары болуы мүмкін. Сондықтан да ашық отты пайдаланбаңыздар;
- баспалдақтармен жүрген кезде абай болыңыздар, оның беріктігіне көз жеткізіңіздер;
- анық зақымдалған ғимараттарға жақындамаңыздар, оларға кірмеңіздер;
- ғимараттарға шұғыл қажеттіліксіз кірмеңіздер;
- тек ресми ақпараттарды тындаңыздар;
- байланыс құралдары арқылы немесе қолда бар заттармен құтқарушыларға өзіңіздің орналасқан жеріңіз туралы ақпарат беріңіздер.