Кейбір қазақстандықтар медициналық сақтандыру төлеуден босатылады

Кей санаттағы қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемейді, орнына әкімдік аударып отырады. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова егжей-тегжейін айтып берді.

Көрнекі сурет

Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Әлназарова 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «әл-ауқат деңгейі нашар» қазақстандықтар жергілікті бюджет қаражаты есебінен сақтандырумен қамтамасыз етілетінін хабарлады.

Содан кейін министрге медициналық сақтандыру төленетін қазақстандықтардың әл-ауқат деңгейі қалай анықталады және Қазақстанда мұндай қанша азамат бар деген сұрақ қойылды.

«Мәселе өте маңызды әрі нәзік, табысы өте төмен халықты біз медициналық көмексіз қалдыра алмаймыз. Қазір біз осы мәселеге бас қатырып жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, былтыр әлеуметтік кодекс қабылданды және отбасының цифрлық картасы енгізілді. Өткен жылы отбасының цифрлық карталары толтырылды, қазір еңбек және халықты әлеуметті қорғау министрлігі арқылы табысы ең төменгі шекті деңгейден де аз отбасыларды көріп отырмыз», – деп атап өтті министр.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының сөзінше, Қазақстан халқы шартты түрде бес санатқа бөлінген.

«Біз Е санатын аламыз. Ресми мәлімет бойынша мұнда 192 мың адам тіркелген. Осы санат үшін әкімдіктер төлейтін сақтандыру мөлшерлемесін белгілеуді жоспарлап отырмыз”, – деп толықтырды Әлназарова.

Бұған дейін мәжіліс депутаттары Қазақстанда онкологиялық науқастарды тегін емдеуге шақырған болатын.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-04-16
Утром11.16 ℃
Днем15.3 ℃
Вечером15.61 ℃
Ночью10.98 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.76 м/с
2024-04-17
Утром10.37 ℃
Днем21.47 ℃
Вечером22.8 ℃
Ночью17.44 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра9.01 м/с