Салық салынады: Қазақстанда тәтті сусындар қымбаттайды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі құрамында қант бар сусындарға акциз енгізуді ұсынып отыр. Бұл туралы сенат кулуарында денсаулық сақтау вице-министрі — Қазақстанның мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, қазір Қазақстанда семіздік, қант диабетімен ауырғандар көбейген. Сонымен қатар, семіздікке шалдыққан балалар да артып барады.

– Артық дене салмағы – бұл созылмалы аурулардың дамуының алғышарты. Бұл ретте біз жарты литр «Кока-Кола» құрамында, егер мен қателеспесем, қанттың 10 тәуліктік дозасы бар екенін көреміз. Шартты түрде бала кола ішіп, он есе көп қант тұтынады. Сондай-ақ, біз қантты барлық өнімдермен алатынымызды білеміз», — деп түсіндірді Есмағамбетова.

Ол Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі бұл норманы өзі ойлап таппағанын атап өтті – бұл ДДҰ ұсынымы. Мұндай акциздер көп елде енгізілген.

– Қант қосылған сусындарға салынатын салықтар тұтынуды азайтуға мүмкіндік беретін шаралардың бірі. Әрине, бұл шараларға қосымша таңбалауды енгізу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын міндетті жүргізу және ең бастысы, балаларда тамақтану әдеттерін қалыптастыратын ата-аналармен жұмыс істеуін жатқызуға болады, — деп толықтырды вице-министр.

Айжан Есмағамбетова тамақтану әдеттері бес жасқа дейінгі балаларда қалыптасатынын атап өтті. Сондықтан бұл мәселеде ата-аналардың өздері, отбасы ішіндегі және одан тыс тамақтану ережелері маңызды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-09
Утром-5.64 ℃
Днем-7.84 ℃
Вечером-4.12 ℃
Ночью-5.28 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1039
Скорость ветра4.95 м/с
2025-12-10
Утром-5.92 ℃
Днем-4.14 ℃
Вечером-3.65 ℃
Ночью-4.17 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.19 м/с