Суицидті насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Суицидке итермелегендерді 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру ұсынылды.

фото k-nika.ru

Мәжіліс депутаттары «Кейбір заңнамалық актілерге әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы мен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарап жатыр.

Заң жобасына сәйкес, суицидтің алдын алу үшін Қылмыстық кодекске жаңа 2 құрам бойынша норма енгізілген: суицидке итермелеу және суицидті насихаттау.

«Мысалы бұдан бірнеше жыл бұрын «Синий кит» немесе сол секілді ойындар бойынша әлеуметтік желілерде челендждер болып тұрды. Суицидке итермелегені үшін 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілік белгілеу ұсынылады. Суицидті насихаттағаны үшін 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаңа қылмыстық жауапкершілік енгізілуде», – деді мәжіліс депутаты, әлеуметтік-мәдени комитетінің мүшесі Жұлдыз Сүлейменова төменгі палатаның жалпы отырысында.

Сондай-ақ интернаттық ұйымдарда тұратын балалардың құқықтарын қорғау мақсатында да нормалар қарастырылған.

«Бұл жерде екі проблема бар. Біріншісі – жабық интернат ұйымдары, оған балалар үйлері де кіреді. Екіншісі – арнайы әлеуметтік-медициналық қызмет көрсететін ұйымдар. Қазір оларды бақылаудың реті мынадай: арнайы жоспарлайды, хабарлама береді, сосын барып тексереді», – дейді депутат.

Депутаттар бақылау субъектісін алдын ала хабардар етпей, барлық үлгідегі және нысандағы балаларға арналған интернаттарда кез келген уақытта мемлекеттік бақылау жүргізуді ұсынып отыр.

«Мониторинг және алдын ала араласу, ескертусіз тексеріс жүйесін енгізу балалардың құқықтарын бұзу жағдайларын дер кезінде анықтауға және уақтылы көмек қолдау көрсетуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз», – дейді Сүлейменова.

Сонымен қатар балаларға арнайы медициналық-әлеуметтік қызметтерді міндетті лицензиялау және білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдарды, яғни балалардың жазғы лагерлері, жалпы лагерьлеріне міндетті лицензиялау нормалары ұсынылып отыр

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-11
Утром-10.18 ℃
Днем-6.97 ℃
Вечером-9.05 ℃
Ночью-10.67 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра3.49 м/с
2025-02-12
Утром-11.87 ℃
Днем-6.88 ℃
Вечером-9.64 ℃
Ночью-11.75 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра3.43 м/с