БҚО ТЖД жаңа бастығы тағайындалды
Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі Ерлан Нұрпейісов Департаменттің жаңадан тағайындалған бастығын жеке құрамға таныстырды.
2024 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы болып азаматтық қорғау полковнигі Руслан Әмірзадаұлы Қасыбаев тағайындалды.
Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі Ерлан Нұрпейісов Департаменттің жаңадан тағайындалған бастығын жеке құрамға таныстырды.
Руслан Әмірзадаұлы Қасыбаев Алматы қаласында дүниеге келген.
2006 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын аяқтаған. Азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын 1999 жылы № 3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі қызметінен бастады. Әр жылдары аға өрт сөндіруші, өрт сөндіру бөлімінің инспекторы, аға инженер, бас маман, өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, өрт сөндіру қызметінің бастығы, төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымында болған.