Тоқаев оқушыларға сабақ кезінде телефонды пайдалануға шектеу қоятын заңға қол қойды

Заңда оқушыларға сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануға шектеу қою туралы норма бар. Үзіліс кезінде телефонды ұстауға болады.

Көрнекі сурет

Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Еске сала кетейік, 1 ақпанда заңды сенат депуттары мақұлдаған болатын. Депутат Алтынбек Нұхұлының айтуынша, заңда оқушыларға сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануға шектеу қою туралы норма бар. Үзіліс кезінде телефонды ұстауға болады.

«Оқу процесінде ұялы телефондарды пайдалануға шек қоюды енгізу, тестілеусіз бірінші сыныпқа қабылдау, балабақшаларға орын беру бойынша бірыңғай кезекті қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықты насихаттайтын, діни сипаттағы ақпараттың таралуына жол бермеу және суицидке шақыруды болдырмау шараларын қабылдауды көздейтін нормалар ұсынылған», – деді сенатор.

Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі үшін терезелерді қауіпсіздік құлыптарымен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы норма да бар.

Жаңа ықшам аудандарда көппәтерлі тұрғын үй салу кезінде құрылыс жобалау құжаттарында білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің міндетті түрде болуын ескеру туралы нормалар енгізу көзделген.

Бұдан бөлек, арнайы білім беру ұйымдарындағы жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өз бетінше өмір сүруге дайындалуына жеке қолдау мен көмек көрсетуге бағытталған тәлімгерлік қызметі енгізіледі.

Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың қызметін лицензиялау тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Осы ұйымдарда медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық мамандықтар бойынша қашықтан оқытуға тыйым салынады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-09
Утром-10.73 ℃
Днем-5.09 ℃
Вечером-6.3 ℃
Ночью-7.58 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1043
Скорость ветра3.63 м/с
2024-12-10
Утром-9.19 ℃
Днем-4.42 ℃
Вечером-4.69 ℃
Ночью-5.74 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра4.46 м/с