АҚШ тағы да хуситтерге соққы берді
Коалициялық күштер сегіз нысанға, соның ішінде жер асты қару-жарақ қоймаларына, ұшқышсыз біржақты авиациялық жүйелерге, әуе қорғанысы жүйелеріне, радарларға және тікұшаққа шабуыл жасаған.
АҚШ пен Ұлыбритания бірқатар батыс елін қолдау үшін Йемендегі хусит нысандарына жаңа соққылар жасады, деп жазады Ulysmedia.kz.
АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі коалициялық күштер сегіз нысанға, соның ішінде жер асты қару-жарақ қоймаларына, ұшқышсыз біржақты авиациялық жүйелерге, әуе қорғанысы жүйелеріне, радарларға және тікұшаққа шабуыл жасағанын хабарлады. Мақсаты – Иранның қолдауындағы хуситтерді әлсірету.
«Хуситтер Қызыл теңіз, Баб-Ай-Мандеб бұғазы және Аден шығанағы арқылы транзитпен заңды түрде жүретін америкалық және халықаралық кемелерге шабуыл жасайды.
АҚШ әлемдегі ең маңызды су жолдарының бірінде өмірді және еркін сауда ағынын қорғау үшін қажет болған жағдайда әрекет етуден тартынбайды», – делінген хабарламада.
Ведомство АҚШ хуситтерге Таяу Шығыс экономикасына зиян келтіретін шабуылдарын тоқтатпаса, олардың салдары үшін жауап беретінін түсіндіруді жалғастыратынын айтты.
Бұған дейін Йемендегі Хуситтердің жетекшісі Малик әл-Хуси АҚШ пен Ұлыбританияның соққылары Хуситтердің әскери мүмкіндіктеріне айтарлықтай әсер етпейтінін айтты. Оның айтуынша, Вашингтон мен Лондонның әрекеттері қозғалыстың әскери әлеуетін арттыруға әсер етпейді. Әл-Хуси “хуситтер халықаралық одақтастардың шабуылына қарамастан өздерінің әскери күштерін нығайтуды жалғастыруда, деп атап өтті.