Қазақстанда елтаңбаны өзгерту ұсынылды

Жаңа Адамдар» мәлімдеуінше, бір тарихпен, бір дәстүрмен өмір сүретін халықтарды әрқашан ортақ рәміздер біріктірген. Қазақстандықтар үшін еліміздің елтаңбасы осындай рәмізге айналды. 

Көрнекі сурет

«Жаңа Адамдар» жастар қозғалысы ел тұрғындарына елтаңбаны ауыстыру туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жаңа Адамдар» мәлімдеуінше, бір тарихпен, бір дәстүрмен өмір сүретін халықтарды әрқашан ортақ рәміздер біріктірген. Қазақстандықтар үшін еліміздің елтаңбасы осындай рәмізге айналды.

«Елтаңба – компания логотипі немесе естелік белгісі емес. Елтаңба – ол терең ұғым. Тұнған тарих. Алайда біз білетін елтаңба құндылықтарымыз жайлы сыр шертпейді әрі болашаққа жол сілтер рәміз емес. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 70 пайызы елтаңбамызды тани алмады.

Қазақстан – қазіргі заман талаптарына сай алға үлкен мақсаттар қойып, жаңа белестерді бағындыру жолында. Біз, Жаңа адамдар, жауапкершілігі зор мақсаттарға бет алған жас мемлекетке тың көзқарастағы жаңа рәміздің керек екенін сенімділікпен жеткізгіміз келеді. Жаңа елтаңба – жаһандық өзгерістер орын алған шақта біздің мемлекетіміздің нақты орны қайда екеніне жауап беруі керек», – дейді олар.

Белсенділердің пікірінше, Қазақстанның тағдыры – еліміздің шекарасында белгіленген. Олар тарих беттерінен жоғалмай, еркіндік пен қасиетті ұстанымды ұран етіп, әлемдегі нақты орнымызды айқындауда елтаңба халықты жұмылдыруы тиіс деп атап өтті.

«Президент Тоқаев бұл шарттарды нақты сипаттағандай: «Жарқын болашаққа деген сенімі жоқ халық – тұғырлы мемлекет құра алмайды».

«Алға қойған мақсаттарымыз бен жоспарларымыз, армандарымыздың орындалуы өзімізге байланысты. Еліміздің ынтымағын, тұрақтылығы мен тұтастығын қадірлеуіміз керек. Халқымыздың рухын көтеретін бірлік… Ел санасында бірлік болуы тиіс», – деп келтірді олар президенттің сөзін.

«Егер баршамызға қалаулы, жаңа символ болса, әр шаңырақ пен көшелерге бейнеленетін рәмізді қалайтын болсақ, онда жаңа елтаңбаның қандай болатынын халық шешуі тиіс», – деп қорытындылады белсенділер.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-09
Утром-11.67 ℃
Днем-5.09 ℃
Вечером-6.3 ℃
Ночью-7.58 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1043
Скорость ветра3.63 м/с
2024-12-10
Утром-9.19 ℃
Днем-4.42 ℃
Вечером-4.69 ℃
Ночью-5.74 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра4.46 м/с