БҚО-да ағымдағы жылы 86 өрт оқиғасы тіркелген
Өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторында орын алған.
Батыс Қазақстан облысының аумағында ағымдағы жылы 86 өрт оқиғасы тіркелді, өрт салдарынан 5 адам жарақат, қаза тапқандар жоқ.
Статистикалық мәліметке сәйкес, өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторында орын алады. Осылайша, 2024 жылдың өткен кезеңінде тұрғын үй секторында 46 өрт оқиғасы орын алды, бұл жалпы өрт оқиғалары санының 53%-ын құрайды. (2023 ж. – 58 өрт, 20,7% – ға төмендеді).
Облыс аумағында жылу беру кезеңінің басынан бері (2023 жылғы 1 қазаннан бастап) тұрғын үй секторында 130 (-8,5%, 2023 – 142) өрт оқиғасы орын алып, салдарынан 1 адам қаза тапты (-80%, 2023 – 5), 2 адам жарақат алды (-33,3%, 2023 – 3).
Өрттердің, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ адамдардың улы газбен улануының алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жыл сайын 2 кезеңде тұрғын үй секторының аулаларын аралап, халықпен профилактикалық іс-шаралар жүргізеді (1-ші кезең 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін жылыту кезеңіне дайындық барысында, ал 2-ші кезең 15 қыркүйектен бастап жылу беру кезеңі аяқталғанға дейін өткізіледі).
Профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылар санатына ерекше назар аударылады. Қазіргі уақытта Департамент осы санатқа жататын 443 отбасын есепке алды.
Аралау жүргізу кезінде 443 үйдің 352-де өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған, оның ішінде, автономды жылыту жүйелерімен байланысты 166 бұзушылық, электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға байланысты 219 бұзушылық және басқа 61 бұзушылық анықталды. Қазіргі уақытта бұл үйлерге қайта бару жұмыстары жүргізілуде.