БҚО-да биыл жолдарды жөндеуге 100 млрд теңге бөлінген
Бұл сомаға 500 шақырымнан астам автожолдарды жөндеу жоспарлануда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, өткен жылы облыста жалпы сомасы 82 миллиард теңгеге 562 шақырым жол жөнделді. Нәтижесінде автомобиль жолдарының сапасы 46% – дан 52% – ға дейін өсті.
Белгілі болғандай, биыл 100 млрд теңгеден астам сомаға 500 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарлануда. Нәтижесінде, жыл соңына қарай нормативтік жағдайларда жергілікті автомобиль жолдарының үлесі 58% – ға артады.
– Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын 120 км жол жөндеуден өтуде. 104 км 2023 жылы аяқталды, қалған 16 км биыл асфальтбетон төсеумен аяқталады деп жоспарлануда. Сондай – ақ биыл Бөкей ордасы ауданының Хан Ордасы ауылына кіреберіске жөндеу жұмыстарын жүргіземіз, – деді Нариман Төреғалиев.