Газада соғыс құрбандарының саны 30 мыңға жақындап қалды
Соңғы тәуліктің өзінде Израиль армиясының шабуылынан Газа секторында 86 палестиналық мерт болып, 131-і жараланған.
Хамас басқаратын анклавтың денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мұнда төрт айда 29 700-ге жуық палестиналық қаза тапты. Ал жараланғандардың саны 70 мыңға жуықтап отыр.
Дегенмен құрбандар саны бұдан көп болуы мүмкін. Себебі талай адам бомбаланған ғимараттардың астында жатыр.
Израиль әскері Газаға шабуылды қазанның 7 күні хамастықтар еврей мемлекетінің оңтүстігіне басып кіріп, 1200 адамды өлтіріп, жүздеген адамды кепілге алғаннан кейін бастады.
Мысыр үкіметінің дерегінше, тараптар осы аптада Дохада кездесіп, атысты доғару мәселесін талқылауы мүмкін.