Қорғаныс Министрлігі БҚО тұрғындарының ресейлік зымырандарды сынауға қатысты шағымдарына жауап ретінде: ол жерде тұрғындар жоқ
Қазақстанның қорғаныс вице-министрі Шайх-Хасан Жазықбаев Батыс Қазақстан облысының тұрғындарының ресейлік Капустин Яр полигонындағы зымырандарды сынауға байланысты денсаулыққа қатысты шағымдарынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап ретінде Сары-Шаған полигоны туралы мәлімдеді және онда тұрғындар жоқ деп сендірді.

Вице-министр “Сарышаған” полигоны 2030 жылға дейін жалға берілгенін айтты.
“Онда Ресей Федерациясының 110-оқу орталығы сынақ өткізеді. 200 шақырым ұзаққа ұша алатын зымырандар ұшырылады. Бұл полигонда ешқандай инфрақұрылым, тұрғын жоқ, ешкім зардап шекпейді”, – деді министр орынбасары.

Сонымен қатар ол 50 сағат қана сынақ жүргізілетінін айтты.
“Сарышаған полигонының келісімшартын сыртқы істер министрлігі қарайды. Біздің құзыретімізге жатпайды”, – деп сұрақтан қашты ол.

Онда Ресей федерациясының қанша әскері бар деген журналист сұрағына вице-министр “900 адам” деп жауап берді.

Айта кетейік, 2022 жылы Ресей қорғаныс министрлігі 2 қарашада Қазақстаннан жалға алып отырған Сарышаған полигонында жаңа ракетаны сынақтан өткізгенін мәлімдеген еді.
