БҚО Бәйтерек ауданының меншігіне гольф-клубқа берілген жер кері қайтарылды

Гольф клубының құрылысын облыс әкімдігі инвестициялық жоба ретінде жариялады. Инвестор — «Golf&Resort «AQJAIYQ» ЖШС-Бәйтерек ауданының Мичурин ауылдық округінде гольф-клуб салу идеясынан бас тартып, екі жылдан кейін ол мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бәйтерек ауданында гольф-клуб салынатын жердің тағдыры туралы «ОА» сұрауына «Aqjaiyq «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ инвесторларға қызмет көрсету және инвестициялық даму орталығының директоры Мейірбек Нұркен бүгін, 2024 жылғы 29 ақпанда жоба іске асырылмай қалғанын хабарлады.

Мәселен, 2020 жылғы 15 қаңтарда БҚО инвестицияларды тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және экспортты ілгерілету жөніндегі өңірлік кеңестің отырысында облыс әкімі мен Кеңес мүшелері Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық округінде «гольф-клубты ұйымдастыру» бизнес-жобасын қолдады. Жобаның бастамашысы «AQJAIYQ «golf&Resort» ЖШС болды.

ӘКК аталған жобаны қолдау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

2020 жылғы 13 сәуірде Бәйтерек ауданы әкімдігінің №222 қаулысымен «Aqjaiyq» ӘКК Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылдық округінде жалпы ауданы 58,4 га жер учаскесін берді.

Болашақта ӘКК жобаны іске асыру үшін инвестормен бірлескен қызмет туралы шарт жасасуға тиіс болды. Алайда, «AQJAIYQ «golf&Resort» ЖШС COVID-19 пандемиясына және қажетті қаржыландыруды тарту мүмкіндігінің болмауына байланысты гольф клубын салу идеясынан бас тартты.

Нәтижесінде екі жылдан кейін – 58,4 гектар жер Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы №303 қаулысы негізінде Бәйтерек ауданының арнайы жер қорына қайтарылды.

Бәйтерек ауданының әкімдігі «ОА»-на Мичурин ауылдық округіндегі 58,4 гектар аумақтың жаңа иелері әлі жоқ (ол мемлекет меншігінде), нысаналы учаскеге өзгерістер енгізілмегенін, оны сатуға арналған бөліктерге бөлмегенін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, «Aqjaiyq «golf&Resort» ЖШС 2020 жылы Бәйтерек ауданында шетелдік инвестицияларды тарта отырып гольф-клуб салу ниеті туралы мәлімдеді. Жобаның жалпы құны 30 миллион долларды құрады.

Клуб 58 гектардан астам аумақты алып, 9 шұңқырлы гольф алаңын, қонақтар мен клуб мүшелеріне арналған демалыс аймағы бар клуб үйін, гольф академиясын, жабық клубтық қалашықты және ұлттық стильдегі этногостиникалық кешенді қамтуы керек еді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-14
Утром-6.35 ℃
Днем-8.3 ℃
Вечером-9.82 ℃
Ночью-8.59 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 995
Скорость ветра12.27 м/с
2025-12-15
Утром-8.91 ℃
Днем-8.16 ℃
Вечером-8.61 ℃
Ночью-10.07 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.32 м/с