Батыс Қазақстан облысының қандай жолдары жөнделеді
Батыс Қазақстан облысы бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы желісі 1349 шақырымды құрайды. Оның 245 шақырымы күрделі жөндеуде, 72 шақырымы қайта құруда, деп хабарлайды «Қазавтожол».

Бүгінгі таңда автокөлік жолының 427 шақырымының жөндеуаралық мерзімі аяқталды. Сондықтан орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Ал қалған учаскелерде компанияның күшімен күтіп ұстау шеңберінде шұңқырды бітеу жұмыстары жүргізілетін болады. Былтыр 33 245 шаршы метр шұңқыр жөнделді.
Биыл «Хан Ордасы ауылына кіреберіс» автожолының 0-21 шақ. учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланып отыр. Қазір мердігерді анықтау үшін конкурс жарияланды.

«Самара-Шымкент» автожолындағы 261-271 км, 330-408 км аралығы және Жайық өзенінен өтетін көпір өткеліне жөндеу керек. Сонымен қатар «Атырау-Орал» автожолының 189-492 км. және «Чапаев-Жалпақтас-РФ шекарасы» тас жолының 17 км, 201-213 км шақырымдары жөндеуге мұқтаж.

Өткен жылы облыс әкімінің айтуынша, 617 шақырым автожол жөнделді. Биыл 500 шақырымнан астам жол жөндеуді бастау жоспарлануда, оған бюджеттен 100 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО-да бұрын жөнделген жол келесі жылы қайта жөнделеді
БҚО-дағы «Орал-Тасқала» тасжолын шамадан тыс жүк тиелген самосвалдар қиратуда
