Әскерге кімдер шақырылмайды – Қорғаныс министрлігі жауап берді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қорғаныс министрлігі өкілі қай санаттағы адамдар әскери қызметтен босатылуы мүмкін екенін және әскер қатарына шақырылмайтынын түсіндірді.

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

“Әскерге шақыру заңына сәйкес отбасылық жағдайына байланысты, денсаулығына немесе шетелге шығып, оқуын жалғастыруына байланысты әскерден уақытша босатылады.

Денсаулығына байланысты кінәраты болып, медициналық сараптама нәтижесі оны растаса, соған сәйкес шешім қабылданады” – деді әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс басқармасының бастығы, полковник Фархат Айдарбаев.

Оның айтуынша, кей азаматтар медициналық тексеріс кезінде қандай да бір дерті бар екенін жасырып қалады.

“Әскерге келгеннен кейін шақырылған азаматтардың арасында өзінің созылмалы немесе басқа да аурулары бар екенін жасырып қалғандықтан кей аурулар үдеп кетуі мүмкін. Себебі бейімделу кезеңі деген бар. Біз сарбазды түскен күнінен бастап медициналық тексерістен өткіземіз. Егер ауруы анықталса әскери шақырылым болатын кезде олардың орнын ауыстырамыз”, – деді ведомства өкілі.

Сонымен қатар, алдын ала тергеу амалдарына тартылған немесе қылмыстық iсін сот қарап жатқан адамдар жауынгерлік жиындарға шақыртылмайды.

Бұдан бөлек, азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипажының мүшелеріне, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлері, механиктері және техниктеріне, сондай-ақ құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқандарға қатысты әскерге шақыруды кейінге қалдыру тәртібі қарастырылған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 40 мыңға жуық қазақстандық әскери қызметке шақырылады

Әскери қызметшілер жейде киіп, галстук тақпайтын болды

Орал жастары әскери қызмет туралы (видео-сауалнама)

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-04-16
Утром11.16 ℃
Днем15.3 ℃
Вечером15.61 ℃
Ночью10.98 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.76 м/с
2024-04-17
Утром10.37 ℃
Днем21.47 ℃
Вечером22.8 ℃
Ночью17.44 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра9.01 м/с