Қазақстан мұнай өндіруді азайту мерзімін осы жылдың соңына дейін ұзартады

Бұл ерікті қысқартуды Қазақстан бұрын 2023 жылдың сәуірінде жариялаған.

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда 2024 жылғы екінші тоқсанда мұнай өндірісін күніне 82 мың баррельге азайту жоспарланған. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

Қазақстан ОПЕК+ ұйымына қатысушы кейбір елдермен бірлесе отырып, 2024 жылдың екінші тоқсанына өндірісті күніне 82 мың баррельге қосымша ерікті қысқартуды ұзартады. Осылайша, 2024 жылдың маусым айының соңына дейін Қазақстанда өндіру тәулігіне 1,468 млн баррельді құрайды.

Энергетика министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, болашақта нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында өндірістің бұл қосымша көлемі нарықтық жағдайға байланысты біртіндеп қайтарылатын болады.

«Бұл ерікті қысқартуды Қазақстан бұрын 2023 жылдың сәуірінде жариялаған, 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін созылатын өндірісті күніне 78 мың баррельге өз еркімен қысқартуға қосымша болып табылады», — делінген хабарламада.

Бұл қосымша ерікті қысқарту мұнай нарықтарының тұрақтылығы мен тепе-теңдігін сақтау мақсатында ОПЕК+ елдерінің сақтық шараларын күшейтуге арналған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.15 ℃
Днем23.25 ℃
Вечером21.37 ℃
Ночью15.18 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.06 м/с
2026-10-15
Утром14.28 ℃
Днем21.04 ℃
Вечером13.5 ℃
Ночью13.69 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.28 м/с