«Бетперде таққан адам»: Мұқтаж жандарға көмектесіп жүрген оралдық блогер өзінің қайғылы оқиғасын айтты

Әлеуметтік желіде жомарттығымен танымал “бетперде таққан адам” мұқтаж жандарға не үшін көмектесетінін айтты.

Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы блогер Атамекен бизнес арнасына берген сұхбатында айтты.

“Бұл менің орындалған бала арманым деп айта аламын. Өзім қаһарамандар туралы мультфильмдер мен фильмдерді көргенді жақсы көремін”, – дейді блогер.

Блогердің 27 жастағы Орал тұрғыны екені белгілі болды.

Ал өзінің қайырымдылық жолына келуін әкесінің сырқатымен байланыстырады.

“2020 жылы әкем инсульт алып, мен үшін өте ауыр жыл болды. Әкеме жұмыс істеуді, жүруді, жазуды, сурет салуды барлығын қайта үйретуге тура келді. Осы кезде менің өмірлік миссиям – адамдарға көмектесу екенін түсіндім. Бетперде таққан адам – бұл образ. Адамдар осы образға ұқсауға ұмтылулары қажет”, – дейді блогер.

Stan.kz ақпарат агенттігі ұйымдастырған сауалнамада бетперде таққан адам «Жыл адамы 2023» мәртебесіне ие болды.

Stan.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қара бетперде киіп, қайырымдылықпен айналысып жүрген жігіт оралдық екені белгілі болды

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-04-15
Утром5.2 ℃
Днем10.14 ℃
Вечером12.74 ℃
Ночью11.9 ℃
Влажность72 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра9.59 м/с
2024-04-16
Утром9.8 ℃
Днем12.44 ℃
Вечером9.99 ℃
Ночью9.98 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.53 м/с