Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам көз жұмды
Ақтөбе-Астрахань тас жолында екі көлік соқтығысып, сегіз адам көз жұмды.

6 наурыз күні таңғы сағат 08:36-да LADA Largus пен Toyota Hilux көліктері соқтығысқан. Салдарынан Largus көлігі отқа оранды.
«Көз жұмған сегіз адамның жарақаты аса ауыр ауыр болған. Үш адам Мұғалжар ауданының ауруханасына жеткізілді. Олар ауруханаға жатудан бас тартты «, — делінген Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Қайтыс болғандардың жеке бастары анықталуда.
Ақтөбе облысының прокуратурасында аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы «ЖҚЕ бұзу»бойынша қылмыстық іс тіркелгенін атап өтті.
Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауында.
