БҚО жыл басынан бері 776 жол-көлік оқиғасы тіркелген
Өңірдің ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, осы оқиғалардың салдарынан 111 адам түрлі жарақат алып, 18 адам қаза тапқан.

Жыл басынан бері облыс аумағында 776 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 111 адам түрлі жарақат алып, 18 адам қаза тапты. Автокөлік қағу салдарынан 37 адам зардап шекті, қаланың бір кәмелетке толмаған тұрғыны қаза тапты. Көлік қағу оқиғаларының бірі 4 наурызда Орал қаласында болған.
— Жуков көшесінде «ПАЗ» көлік құралының жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелі бойынша өтетін жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Апат салдарынан әйел ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы автотұраққа қамалды. Жүргізушіге қатысты медициналық сараптама нәтижелері бойынша шешім қабылданады,-деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.
