Несие алған екі миллион қазақстандықтың деректері интернетке тарап кетті

2024 жылғы 5 наурызда «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ zaimer.kz («МҚҰ «ЖШС Робокеш.кз») микроқаржы ұйымының клиенттері болып табылатын қазақстандықтардың 2 млн. астам жеке деректерінің таралуын анықтады.

Сурет: pixabay

2024 жылғы 5 наурызда «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ zaimer.kz («МҚҰ «ЖШС Робокеш.кз») микроқаржы ұйымының клиенттері болып табылатын қазақстандықтардың 2 млн. астам жеке деректерінің таралуын анықтады.

Жалпы Robo.finance платформасында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары клиенттерінің 36 млн-нан астам (РФ — 23,6 млн. (zaimer.ru – 16.8 млн., adengi.ru -6.8 млн.); Филиппин-5 млн. (digido.ph); Вьетнам — 2 млн. (vietloan.vn) деректері анықталды.

Сондай-ақ, «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ таратылған деректерге талдау жүргізді, Цифрлық даму министрлігі клиенттердің жеке басын анықтау нәтижелері бойынша Азаматтарға EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы тиісті хабарламалар жолдайтын болады.

Цифрлық даму министрлігі Қазақстандықтардың жеке деректері тараған дерекқор операторларына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабына және 641-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Осы орайда Цифрлық даму министрлігі өз тарапынан ұсыныстарын жариялайды:

  • «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы қарыз алудан ерікті түрде бас тартыңыз;
  • егер банк қызметкерлерінен қоңырау түскен болса, онда әңгімені дереу үзіп, ресми байланыс деректері бойынша Банкке тікелей қоңырау шалыңыз;
  • жасалатын операцияны растау үшін SMS-кодты хабарламаңыз (төлемдер, аударымдар және т. б.);
  • интернет-банкингтегі жеке кабинетіңізден құпия сөздерді бермеңіз;
  • банк картасының артындағы CVV / CVC кодын бермеңіз;
  • үшінші тараптың мобильді қосымшаларын, соның ішінде құрылғыларға қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатпаңыз;
  • қаржылық шоттарда бірегей және күрделі құпия сөздерді қолданыңыз;
  • қосымша қорғаныс үшін екі факторлы аутентификацияны қосыңыз;
  • электрондық пошта тіркемелерін ашқан кезде, әсіресе олар бейтаныс жіберушілерден келсе абай болыңыз;
  • күдікті интернет-ресурстарға (сайттарға)кіруден аулақ болыңыз;
  • сенімсіз ресурстарда жеке ақпаратты бермеңіз;
  • қаржылық операцияларға мониторинг жүргізіңіз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-10
Утром3.9 ℃
Днем16.22 ℃
Вечером15.39 ℃
Ночью10.3 ℃
Влажность32 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.94 м/с
2026-05-11
Утром8.59 ℃
Днем15.99 ℃
Вечером14.28 ℃
Ночью12.63 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра6.78 м/с