Оралда оқушы қызды мүгедек қылған көлік жүргізуші сотталды

Батыс Қазақстан облыстық аппеляциялық соты марихуана шегіп, рөлге отырған жүргізушіні қамау туралы шешім шығарды. Бұған дейін оған небары 1,5 жылға шартты жаза берілген еді.

«ОА» фотоқорынан

Істі қараған судья оның үлгілі қызметкер екенін әрі бұрын істі болмағанын ескеріпті. Бұған келіспеген оқушының ата-анасы сотқа қайта шағымданып, арыз түсірді. Бүгінгі аппеляциялық сот отырысында алғашқы үкім қайта өзгертіліп, айыпталушы 1 жыл алты айға сотталды. Бұған қоса ол көлік жүргізу құқығынан 10 жылға айрылып, жәбірленушіге 10 миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттелді,-деп хабарлайды Astana телеарнасы.

Сотталушы есірткі шегіп, көлік рөліне мас күйінде отырған. Осылайша өзгелердің өміріне қауіп төндірген. Соның кесірінен оқушы қыз ауыр жараланды. Жағдайы әлі ауыр. Айыпталушыға міндеттелген өтемақы оны емдеуге жеткіліксіз әрі үкім тым жұмсақ болды. Осыны ескеріп, үкімді қайта өзгерттім.

Жәбірленуші Қарақаттың тілсіз, қимылсыз жатқанына бүгінде жарты жылға жуықтады. Көлік дөңгелегінің астында қалған оның миы мен ішкі мүшелері зақымданып, қол-аяғы бірнеше жерден сынған. Тілге келмеген қызды анасы күн сайын дәрінің күшімен ұйықтатуға мәжбүр. Дәрігерлердің айтуынша, реабилитацияның өзіне кемі 5-6 жыл керек,- деді облыстық сот судьясы Айвар Бижанов.

Бейнеден скриншот

Ол кісіге көлікке отырғанда жауапкершілікпен отыру керек еді. Қызым сабаққа бармай қалды, ұйқысыз, ұйқысы тыныш емес, дәрісіз ұйықтай алмайды. Сот әділ өтті, облыстық сот тиісті үкімін шығарды. Үлкен рақмет айтам. Ең бастысы Қарақатым тәуір болып кетсін!,-деп Қарақаттың анасы Дина көз жасын жасыра алмады.

Еске салсақ, Оралда оқушы қызды мүгедек қылған жүргізушіге, сот оның бұрын істі болмағанын ескеріп, шартты жаза кескенін жариялаған болатынбыз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-15
Утром-4.53 ℃
Днем-1.67 ℃
Вечером1.12 ℃
Ночью1 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.89 м/с
2026-02-16
Утром0.85 ℃
Днем0.72 ℃
Вечером0.38 ℃
Ночью1.48 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра9.58 м/с