БҚО әкімі: инвестиция тарту бойынша жұмыс жүргізбесеңдер орындарыңды босатасыңдар

Батыс Қазақтан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірге инвестиция тарту мәселесі бойынша жиын өткізді.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік басқармасының мәліметіне сәйкес, өңірге инвестициялар тарту аясында өткен жылы 45 жоба іске қосылған. Осының аясында 1 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Жалпы алғанда 2023 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 16,4%-ға өсіп 645,6 млрд теңгені құраған. Оның басым бөлігі Қарашығанақ кен орны арқылы тартылған инвестициялар.

Ал, облысқа қарасты қалалар мен аудандар, басқармалар тарапынан инвестиция тарту бағытындағы жұмыс баяу жүргізілуде. Мәселен, аудандардың жартысынан көбі жалпы құны 1 млрд. теңгеге жетпейтін инвест жобалар ұсынса, оның ішінде Бөкей ордасы, Қаратөбе, Казталов, Шыңғырлау аудандары ұсынған жобалардың жалпы құны төмен деңгейде (205 млн. теңгеден төмен).

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев инвестиция тарту жұмыстарының маңыздылығын айта келе, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және әр өңірде тиімді инвестициялық жобаларды іске асыруды тапсырған болатын. Сондықтан, облыс экономикасын одан әрі әртараптандыру, соның ішінде инвестиция тарту бағытында нақты істерді қолға алуымыз қажет» — деді Нариман Төреғалиев.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Орал қаласы облыс орталығы болғанына қарамастан 2023 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған жеке инвестициялар көлемі 6,8%-ға (83 млрд.тг) төмендеген. Сондай-ақ, бірқатар аудандарда да көрсеткіштер көңілден шықпайды.

Облыс басшысы әр аудан әкімінің, әр басқарма басшының жұмысы тікелей инвестиция тартумен байланысты болуы керек екенін ескертті.

«Инвестиция тарту бойынша жұмыс жүргізбесеңдер орындарыңды босатасыңдар. Мен кадрлық шешім қабылдайтын боламын. Нақты жобалар керек. Нәтиже керек» — деп атап өтті аймақ басшысы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-05
Утром2.22 ℃
Днем10.54 ℃
Вечером7.66 ℃
Ночью2.99 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра5.09 м/с
2026-10-06
Утром0.36 ℃
Днем11.64 ℃
Вечером12.6 ℃
Ночью10.54 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.96 м/с