Арнайы әлеуметтік төлем алған қазақстандықтардың саны екі мыңнан асты

1 қаңтардан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға берілетін арнайы әлеуметтік төлем енгізілді.

көрнекі сурет

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы әлеуметтік төлем алған қазақстандықтардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Биыл 1 қаңтардан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға берілетін арнайы әлеуметтік төлем енгізілген болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың айтуынша, жыл басынан бері жаңадан енгізілген жеңілдікті екі мыңнан астам адам пайдаланды.

«2024 жылғы 14 наурыздағы жағдай бойынша 2 693 адамға арнайы әлеуметтік төлем берілді. Жалпы сомасы 449,7 миллион теңге», – деді Ордабаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер мынадай төлемдерден тұратын арнайы әлеуметтік төлемге үміткер бола алады:

  • арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы – 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
  • зейнетақыға дейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі – 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
  • жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіби төлем – 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі жинақтауға байланысты.

Төлем мынадай жағдайда тағайындалады:

  • 55 жасқа толғанда;
  • қызметкер үшін 84 ай (7 жыл) үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді растау;
  • зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда еңбек қызметін тоқтату немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауыстыру.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-18
Утром19.94 ℃
Днем28.78 ℃
Вечером30.86 ℃
Ночью26.45 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.04 м/с
2025-07-19
Утром17.17 ℃
Днем25.19 ℃
Вечером26.78 ℃
Ночью18.79 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.33 м/с