«Бала бетімен кетеді» — «Қазақстандық ата-аналар одағы» Тоқаевқа үндеу жасады

«Қазақстандық ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұрып-соғу туралы бапты ҚР Әкімшілік кодексінен Қылмыстық кодекске ауыстыруға қарсылық танытты.

Ашық дереккөзден

Мәжіліс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және жеңіл зиян келтіру баптарын ауыстыруды көздейтін заң жобаларын мақұлдаған еді. Қазір заң жобасы Сенат талқылауында.

«Қазақстандық ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдері заң күшіне енсе, баланы тезге салу былай тұрсын, “тәйт” деудің өзі мұңға айналатынын айтады. Ал ата-анаға қарсы шыққан баланың қоғамда өз орнын табуы қиын.

“Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, мәжіліс және сенат депутаттары! Біз ұрып-соғу туралы бапты ҚР Әкімшілік кодексінен Қылмыстық кодекске ауыстыруға қарсымыз. Шындап қарағанда, бұл заң балаларды ата-анасынан ажыратуға апарады”, – дейді бірлестік мүшелері.

Олардың айтуынша, баланы нұқып қалғаннан көгеру белгілері білінбейді. Оның бар-жоғын дәлелдеу мүмкін емес. Әке-шешесінің мұндай әрекеті үшін сотталып, ата-ана құқығынан айырылуы масқара, деп есептейді ата-аналар.

Бейнеден скриншот

“Анасы туған баласына “сабағыңды оқы” деп, нұқып қалғанның өзі заң бұзушылық екен. Бұлай жалғаса берсе, балалар ата-анасын тыңдамай зиянды әдеттерге әуес болмай ма? Мұндай заң шетелдіктерге еліктеу болып табылады. Біздің ата-бабамыздан келе жатқан бала тәрбиелеу, үлкендерді сыйлау дәстүрі бар. Отбасы – мемлекетіміздің іргетасы. Сондықтан да, баласын тезге салған әке-шешесін ата-ана құқығынан айыруға қарсымыз!” – дейді бірлестік мүшелері.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-16
Утром12.46 ℃
Днем16.97 ℃
Вечером16.03 ℃
Ночью14.39 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра3.91 м/с
2026-10-17
Утром10.81 ℃
Днем17 ℃
Вечером15.13 ℃
Ночью12.69 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра3.59 м/с