Министр жұмысқа шақырды: Оралда тұрғын министрге орташа жалақының 10 жылда төмендеп кеткенін есептеп берді

Қарапайым тұрғынның есебіне риза болған министр оны жұмысқа шақырды.

Видеодан скриншоттар

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың Батыс Қазақстан облысына жасаған сапары кезінде жергілікті Арман Қалиев есімді тұрғын еліміздің экономикалық жағдайын жіпке тізгендей етіп айтып берді. Оның есебіне риза болған министр тіпті жұмысқа шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Менің жасым 38-де. Өмір бойы осы Оралда қаласында тұрамын. Өз басым Қазақстан әлеуметтік жағдайын білемін. Яғни бізде өндірістің жоқтың қасы. Бұл жалғыз Батыс Қазақстан облысына ғана емес, түгел Қазақстанға тән құбылыс. Бұл жерде ұсақ компанияларды есепке алып отырған жоқпын. Олар бәрібір шикізатты шеттен әкеледі. Экономиканың сервистік моделі деген бар. Презентацияда Қазақстанның жалақысын теңгемен есептеп көрсетіп жатсыздар, бұл дұрыс емес. Доллармен көрсету қажет. Яғни бізде өндіріс болмағандықтан, шикізат сатып күн көретін мемлекет ретінде доллармен есептелуі тиіс. Осы ретте сандарды сөйлетейін. 2013 жылы орташа жалақы 137 мың теңге (890 доллар), ең төменгі жалақы 18 660 теңге. 10 жылдан кейінгі орташа жалақы 340 мың теңге. Долларға шақсақ, бұл 745. Сонда 10 жылдың ішінде орташа жалақы 17 пайызға төмендеген. Кедейліктің қай жерде екенін осы жерден көруге болады», — дейді Арман Қалиев.

Оның айтуынша, қырыққабаттың бағасы 2013 жылы 29 теңге, қазір 250 теңге екен. Яғни 9 есе өскен. Банан сол кезде 205 теңге болса, қазір 1200 теңгеге жеткен. Қой еті 2013 жылы 1100 болса, қазір 3000 теңден кем емес. Сиыр еті де сол тұста 1160 болса, 2500-ден төмені жоқ.

«Нағыз сандар осы жерде жатыр. Жалақымыз 10 жылдың ішінде 17 пайызға төмендеді. Есесіне, азық-түлік бағасы бірнеше есе қымбаттаған. Қазақстан шикізатқа байланған ел. Ертең қор биржасында мұнай бағасы түсіп кетсе, Гондурас немесе Зимбабвеге айналып кетеміз ғой. Оның үстіне геосаяси орналасуымыз да өз пайдасын тигізіп тұр. Әйтпесе, осындай табиғи байлықпен Африка құрлығында болғанда сол Зимбабведен әрі аспас едік», — дейді Орал қаласының тұрғыны.

Қарапайым тұрғынның есебіне риза болған Светлана Жақыпова оны министрлікке жұмысқа шақырды.

«Өте дұрыс айтты», «Бірден министрдің көмекшісі ету керек», «Ақылды жігіт», «Сені алмайды-ау», «Жарайсың азамат!», «Бұйырса, кеңесші боласың», «Министр не айтсам деп отыр ғой», «Дұрыс айтасыз», — деген желіде пікірлер бар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-05
Утром2.22 ℃
Днем10.54 ℃
Вечером6.89 ℃
Ночью4.06 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра5.09 м/с
2026-10-06
Утром0.36 ℃
Днем11.64 ℃
Вечером12.6 ℃
Ночью10.54 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.96 м/с