БҚО тұрғынына жалақыны өндіруден бас тартылды

Ол сотқа 2020 жылдың шілде айымен 2022 жылдың қыркүйек айы арасында жұмыс істегені үшін 13 500 000 теңге ақша сомасында төленбеген жалақыны өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Фото: ашық дереккөзден

Шыңғырлау аудандық сотымен жалақыны өндіру туралы талап бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы Н. шаруа қожалығының басшысынан 2020 жылдың шілде айымен 2022 жылдың қыркүйек айы арасында жұмыс істегені үшін 13 500 000 теңге ақша сомасында төленбеген жалақыны өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Талап қоюшы дәлелдеме ретінде сотқа шаруа қожалығы басшысының атынан оның атына екінші деңгейдегі банктермен, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде, меншіктің барлық нысандарында мүддесін білдіру үшін берілген сенімхатты ұсынды.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 21-бабы 1-бөлігіне сай Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастары жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында осы Кодекске сәйкес жасалатын еңбек шартының негізінде туындайды.

Сотпен тараптар арасында еңбек шарты жасалмағаны және еңбек қатынастары орын алмағаны анықталды. Бұл мән-жайлар іс материалдарымен және тараптардың түсініктемелерімен бекітіліп отыр.

Жоғарыдағы мән-жайлар тараптар арасында еңбек қатынастары орын алмай азаматтық-құқықтық қатынастар туындағанын көрсетті, өйткені талап қоюшы өкілдік қызмет көрсеткен.

Сот азаматтық істі қарап, талап қоюшының талабын қанағаттандырусыз қалдырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-10
Утром16.47 ℃
Днем24.26 ℃
Вечером24.89 ℃
Ночью19.92 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.06 м/с
2026-06-11
Утром17.31 ℃
Днем25.31 ℃
Вечером24.88 ℃
Ночью18.48 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра6 м/с