Оралда техникалық ақаулықтан автокөлік жанды

18 наурызда «КАМАЗ-65115026» маркалы автокөлігінің мотор бөлігі және кабинасы өртенген.

Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

2024 жылғы 18 наурызда 16 сағат 28 минутта «101» пультіне Орал қаласы, Шолохов және Циолковский көшелері қиылысында «КАМАЗ» автокөлігінің жанып жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті,- деп хабарлайды БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына 16 сағат 37 минутта жеткен өрт сөндірушілер «КАМАЗ-65115026» маркалы автокөлігінің мотор бөлігі және кабинасының жанып жатқанын анықтайды.

Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Өрт 16 сағат 41 минутта оқшауланып, 16 сағат 49 минутта толықтай жойылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрт орнында № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 6 адам және 1 бірлік техника және қалалық төтенше жағдайлар басқармасының анықтаушысы жұмыс атқарды.

Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Осыған байланысты, Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілердің есіне салады:

— автокөлікті техникалық жарамды күйде ұстау, зауыт нұсқаулықтарының талаптарына сәйкес пайдалану және техникалық қызмет көрсету;

— электр сымдарын жақсы жағдайда ұстау;

— электр жүйесіндегі барлық өзгерістерді білікті маманға тексерту қажет;

— өрт болған жағдайда көлемі кемінде 2 литр өрт сөндіргішті автокөлікте қолжетімді жерде сақтау қажет;

— егер көлікте өрт орын алған жағдайда, 101, 112 телефон номерлеріне хабарласыңыз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-14
Утром16.19 ℃
Днем24.77 ℃
Вечером24.42 ℃
Ночью20.46 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра9.11 м/с
2026-05-15
Утром16.61 ℃
Днем26.78 ℃
Вечером26.32 ℃
Ночью21.23 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.83 м/с