БҚО-да 112,9 миллиард теңгеге автожолдар жөнделмек

Облысымыз әлі де Қазақстанның ең нашар жолдары бар өңірлерінің қатарында.

«ОА» мұрағатынан

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бауыржан Айтмағамбетовтің мәлім еткеніндей, жыл басында республикалық маңызы бар автожолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі 73 пайыз болса, жергілікті жолдардікі – 52 пайыз.

Жыл қорытындысы бойынша жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін 58 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, биыл республикалық маңызы бар Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы және Өнеге-Бисен-Сайқын жолын күрделі жөндеу аяқталмақшы. Сонымен қатар Подстепный-Теректі-РФ шекарасы автожолын қайта жаңғырту бойынша оның 0-36 км және 108-144 км бөлігіне 15,6 млрд теңге қаралып, жұмыстар жүргізіледі. Аталған жолдың 36-72 км және 72-108 км учаскелерін қаржыландыру және қайта жаңғырту жұмыстары «ҚПО б.в.» компаниясы есебінен әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында 2024-2025 жылдары атқарылатын болады.

«Бөкей ордасы ауданында Хан ордасы ауылына кіреберіс жолды орташа жөндеу жұмыстары биылға жоспарланған. Жоба қүны – 1,95 млрд теңге. Қазіргі таңда мердігерді анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде», — деді Бауыржан Есқайырұлы.

Оның айтуынша, биыл 19,9 млрд теңгеге облыстық маңызы бар 91 км жол жөнделмекші. Соның ішінде Бөрлі-Ақсай-Жымпиты (68-139 км, ұзындығы 71 км), Чапаев-Жаңақала-Сайқын (130-191 км, 61 км) және Барбастау-Ақжайық-Индер (43-93 км, 50 км) жолдарын қайта жаңғыртуға баса көңіл бөлінбекші. Басқа да жұмыстар атқарылады.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша 39 жоба жүзеге асырылуда. 2024 жылы 13,4 млрд теңгеге 211 км жолға асфальтбетон жабыны төселмекші. Оған қоса «Ауыл – ел бесігі» және моноқалаларды дамыту бағдарламалары аясында облыс елді мекендерінің көшелерін жөндеу бойынша 32 жоба аясында 8,3 млрд теңгеге 75,5 км жол ретке келтірілмек.

«ОА» фотоқорынан

«Аталған жобаларды уақтылы және сапалы жүзеге асыру үшін жол-құрылыс материалдарын, битум мен қиыршық тасты тиісті мөлшерде жеткізу қажет. Сол үшін мердігер ұйымдарға инертті материалдарды жеткізушілермен шарттарды мерзімінен бұрын жасасу және төлеу үшін аванстар қарастырылды. Жергілікті жолдарда 42 нысан бойынша 7,0 млрд теңге аванс төленді. Биыл 1 098 мың тоннадан астам қиыршық тасты тасымалдау үшін 16 мың вагон керек. Күні бүгін қажетті көлемнің 50 пайызы (555 мың тонна немесе 8 мың вагон) қамтамасыз етілді. Барлығы 10 теміржол вагон құрамы жұмылдырылды. Сонымен қатар биылғы жылы 38 мың тонна битум қажет болса, соның 6 мың тоннадан астамы әзірленді. Материалдарды дайындау жұмыстары жалғасуда», — деді Б.Айтмағамбетов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО-еліміздегі ең нашар жолдар үштігінде

Қазақстанда ең нашар жолдар БҚО-да

«БҚО-да елдегі ең нашар жолдар» – БҚО әкімінің орынбасары

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-17
Утром-9 ℃
Днем-5.9 ℃
Вечером-3.16 ℃
Ночью-3.36 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра6.91 м/с
2025-12-18
Утром-2.27 ℃
Днем-0.19 ℃
Вечером-0.03 ℃
Ночью0.21 ℃
Влажность96 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра6.14 м/с