БҚО-ның тағы бір ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды

Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова аудан аумағында төтенше жағдай жариялау туралы шешімнің порталға шыққанын жеткізді.

Фото: БҚО ТЖД

Әкімнің мәліметі бойынша, Аңқаты ауылында 20 үй суға кеткен. Орал қаласына іргелес орналасқан Подстепный ауылында сонымен шамалас. Теректі, Ұзынкөлде де суға кеткен үйлер бар. Олардың саны нақтылану үстінде.

Батыс Қазақстан облысында Сырым ауданында да үйлер су астында қалды. Сағат 22.30 бен 02.00 аралығында Сырым ауданына қарасты 3 ауылдың халқы түгелдей жақын маңдағы қауіпсіз елді мекендерге, туған-туыстарының үйлеріне көшірілді. Құтқарушылар күні-түні жұмыс істеді.

Фото: БҚО ТЖД

БҚО ТЖ департаментінің мәліметі бойынша 27 наурыз күні Қоржын ауылында 80 үй су астында қалып, 281 адам мектепке көшірілген еді.

Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, құлаған үйлер бар, ұсақ мал шығынға ұшыраған.
Қазіргі уақытта оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Маңғыстау облысы ТЖД жедел тобы құрамында 46 адам, 5 бірлік техника, 2 бірлік үрлемелі қайық және 8 бірлік мотопомпалар бар, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу мақсатында біздің облысқа көмекке келді.

Осы түні Қорғаныс министрлігінің әскери-көліктік авиациясы Алматыдан ҚР ТЖМ 28237 ә/б әскери қызметшілерін бізге жеткізді. Олардың күштері біздің облыстағы су тасқынының салдарын жоюға көмектесу үшін жіберілді.

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Орал тұрғындарына көмекке келді
© Қорғаныс министрлігі

Бұл ретте 5 мыңнан астам құм салынған қап дайындалды, олар еріген суға бөгет болады. Бірнеше жүз метрлік кедергілер салынды, бұл су ағындарын алдын алуға көмектеседі.

Бригаданың жеке құрамы ауысыммен жұмыс істеуде және шаруашылық объектілері мен азаматтардың мүлкіне залал келтірмеудің бар амалы қарастырылып жатыр.

Сонымен қатар, Оралдағы облыстық экологиялық-биологиялық орталық (хайуанаттар бағы) су басу қаупі бар аймақта қалып отыр. Еріген су және жаңбыр түрінде мол жауын-шашын қиындықтар тудыруда. Егер су тым көп болса, Орталық қызметкерлері жануарларды қауіпсіз жерге тасымалдамақ.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-13
Утром11.97 ℃
Днем20.7 ℃
Вечером19.03 ℃
Ночью17.74 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра4.37 м/с
2026-09-14
Утром14.95 ℃
Днем19.65 ℃
Вечером20.04 ℃
Ночью17.24 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра4.15 м/с