Су тасқыны: БҚО-да жағдай күрделене түсті

Батыс Қазақстан облысында бүгінге дейін 28 бағыттағы жол жабылса, соның 18-ін су шайып кеткен. Оның 4-еуі – облыстық, 14-і – жергілікті маңызы бар жол.

Фото: БҚО полиция департаменті

Облысымыздың бірқатар өңірінде қардың қарқынды еруінен және бірнеше күн жауған жауын-шашын салдарынан елді мекендерде су тасқыны орын алды. Осыған байланысты төтенше жағдай бағытында арнайы штаб құрылды. Әсіресе, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Бөрлі аудандарында адамдарды құтқару, эвакуациялау және оларды арнайы эвакуациялау пунктеріне жеткізу, суда қалған малдарды алып шығу бағытында жұмыстар жүргізуде.

Қазір уақытта облымысызда 28 бағыттағы жолдар жабылды, оның 18 жолын су басты, оның ішінде 4 облыстық және 14 жергілікті маңызы бар автожолдар. Салдарынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен стационарлық бекеттер орнатылды. Ақтөбе облысы Қобда ауылын су басуына байланысты Самара-Шымкент республикалық маңызы бар тасжолы (Жаңаөмір ауылынан – Ақтөбе облысының шекарасына дейін) жабылды.

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қоржын ауылының тұрғындары тікұшақпен эвакуацияланып жатыр.

Фото: БҚО ТЖД

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, адамдарды көшіруге ҚР Қорғаныс министрлігінің МИ-8 екі тікұшағы тартылды. Осы уақытқа дейін аудан орталығы Қаратөбе ауылына 92 адам эвакуацияланды. Жұмыстар жалғасуда. БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтің брифингіде мәлім еткеніндей, облыс бойынша барлығы 663 адам эвакуациялық қосынға орналастырылды. Сырым және Қаратөбе аудандарында жағдай күрделі күйінде қалып отыр.

Қардың қарқынды еруі және жауын-шашынның көп түсуі нәтижесінде 432 тұрғын үйдің ішіне су кірді.

Сырым және Қаратөбе аудандарында күрделі жағдай қалыптасты.

Фото: ашық дереккөзден

Сырым ауданында Өленті өзені деңгейінің көтерілуінен Өленті, Жымпиты, Бұлдырты ауылдарындағы тұрғын үйлердің су басуына әкелді. Сонымен қатар, Сырым ауданының 5 елдімекенінде электр желісінде орын алған авариялық ажырату салдарынан ұялы байланыстың ажыратылуы орын алды. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Сырым ауданындағы Жымпиты, Бұлдырты, Өленті ауылдарында үйін су басқандар туған-туыстарының үйіне орналасты. Үш ауылдағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында Алматы қаласынан 50 әскери келіп, суды тежеу және адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін жұмылдырылды.

Қаратөбе ауданында Жақсыбай өзені жағадан шығып, Қоржын ауылының тұрғын үйлерін су басты.

Фото: БҚО полиция департаменті

Қаратөбе ауданындағы Қоржын ауылының тұрғындары осы елдімекендегі мектепке көшірілді. Бүгінде су қоршауында қалған Қоржын ауылынан Ақтөбеден келген 2 тікұшақпен адамдар қауіпсіз жерге оқшауландырылып жатыр.

Сырым және Қаратөбе аудандарындағы жағдай ҚР ТЖМ су тасқынын жою жөніндегі Республикалық жедел штабының ерекше бақылауында.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-19
Утром10.54 ℃
Днем14.06 ℃
Вечером15.89 ℃
Ночью12.3 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра7.68 м/с
2026-04-20
Утром9.49 ℃
Днем13.06 ℃
Вечером13.8 ℃
Ночью11.27 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра6.65 м/с