Премьер-министрдің жаңа орынбасары тағайындалды

Осы қызметке дейін Қанат Бозымбаев мемлекет басшысының кеңешісі қызметін атқарған.

Фото: Ақорда

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген президент жарлығында.

Қанат Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. Үйленген, үш баласы бар. Білімі бойынша экономист. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Бозымбаев әртүрлі жылдар ішінде Алматы қаласы әкімінің көмекшісі, экономика және сауда министрлігінің аймақтық саясат басқармасының бастығы, «ҚазТрансОйл» компаниясында экономика мәселелері жөніндегі вице-президенті қызметтерін атқарып, 2016 жылы энергетика министрлігін басқарғанға дейін түрлі қызметтерді атқарған. Сонымен қатар, Бозымбаев президенттің көмекшісі, Павлодар, Жамбыл және Алматы облыстарының әкімі болған. Қазақстандағы қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысын басқарды. Ол бұл қызметтен 2022 жылдың маусым айында кеткен, содан кейін ол бір жылдан астам мемлекеттік қызметте болған жоқ.

2023 жылғы 4 қыркүйекте мемлекет басшысының өкімімен Бозымбаев Қазақстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізген.

Президент Үкімет пен әкімдердің жұмысын немқұрайлы және кәсіби міндетіне сәйкес келмейді деп сынға алды. Жиын барысында президент су тасқынына қарсы уақытылы шара қабылдамағаны үшін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке қатаң сөгіс берген.

Бозымбаев Премьер-министрдің орынбасары ретінде қандай мәселелерге жетекшілік етеді.

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-14
Утром14.98 ℃
Днем27.06 ℃
Вечером23.14 ℃
Ночью22.65 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра9.14 м/с
2026-05-15
Утром17.19 ℃
Днем25.55 ℃
Вечером27.33 ℃
Ночью21.73 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра8.86 м/с