БҚО-да су тасқыны қаупі сақталады

Қазіргі уақытта он елді мекен, сегізі Қаратөбе ауданында және Сырым мен Шыңғырлау аудандарында бір-бір елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.

Суретте: Подстепныйдағы мектеп. «ОА» фотосы

Бұл туралы брифингте БҚО ТЖ департаментінің бастығы Руслан Қасыбаев мәлім етті.

Департамент бастығының айтуынша, өңірде бүгінгі күні су тасқыны құбылыстарын жою және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жұмыстары жалғасуда. 3744 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1455 бала. Қауіпсіз орындарға 900-ден астам ірі қара мал, 1800 бас ұсақ мал және 30 бас жылқы айдалды.

Барлығы 640 мың м3 астам еріген су сорылды, 104 мыңнан астам қап төселді.

Фото: БҚО ТЖД

Қазір облыс бойынша 1 мыңнан астам адам, 300-ден аса техника және 100-ден аса мотопомпа жұмылдырылды, олар күшейтілген режимде жұмыс жүргізуде.

«Шыңғырлау, Жақсыбай, Өлеңті, Бұлдырты өзендерінің суы арнасынан асуы салдарынан төрт ауданның 9 ауылында 384 үй суға кетті. Бұл көрсеткіштер нақтылану үстінде, жергілікті атқарушы органдардың комиссиясы тексергеннен кейін шығын есептеліп, суға кеткен үйлердің дәл саны анықталады. «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, бүгіннен бастап күн жылына түсіп, соған байланысты қауіп сақталады. Тұрғындарды тыныштық сақтап, эвакуацияға дайын болуға шақырамын», – деді Р.Қасыбаев.

«ОА» фотоқорынан

Облыстың автожолдарында 21 су өту және 30 шаю бар.

БҚО ТЖД жедел штабына 2 мыңнан аса, «қауырт желі» телефонына 244 қоңырау түсті.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты күрделі, бақылауда.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.1 ℃
Вечером11.15 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.65 м/с
2025-03-29
Утром3.05 ℃
Днем10.4 ℃
Вечером12.03 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.48 м/с