Батыс Қазақстанда тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушы пышақ жарақатын алды

Ішімдік ішкен ер адам 26 жастағы құтқарушыға шабуылдаған.

Фото: ҚР ТЖМ

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушы пышақ жарақатын алды.

Оқиға 31 наурыз күні кеште Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болған. Ішімдік ішкен адам 26 жастағы құтқарушыға шабуылдаған. Кеуде тұсынан жарақат алған құтқарушы ауруханаға жеткізілді.

«Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды. Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағында екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында. Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған», – деп хабарлады ТЖМ.

Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.1 ℃
Вечером11.15 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.65 м/с
2025-03-29
Утром3.05 ℃
Днем10.4 ℃
Вечером12.03 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.48 м/с