Су басқан елді мекендер: БҚО-дағы жағдай қандай?

Шыңғырлау ауданындағы ауылдар эвакуациялауға дайындалуда.

Фото: видеодан кадр/Шыңғырлау ауданы әкімдігі

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында Елек өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетті.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапановтың мәлім еткеніндей, өзеннің суы Шілік гидрологиялық бекетінде бір тәулік ішінде 186 сантиметрге көтеріліп, 785 сантиметрге (қауіпті деңгей – 750 см) жетті.

«Ресейдің Орынбор облысы жағынан су келіп жатыр. Су деңгейі 800 сантиметрден асқан жағдайда ауданның өзен бойында орналасқан елді мекендеріне қауіп төнуі ықтимал», – деді Т.Шапанов.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі бір тәулік ішінде Орал қаласы тұсында 84 сантиметрге көтеріліп, 457 сантиметрге (қауіпті деңгей – 850 см) жетті.

Шаған өзені Чувашин ауылы тұсында 1211 (қауіпті деңгей – 1280-1300 см), Деркөл Белес маңында 670 (600-650), Қараөзен Жалпақталда 756 (790-820) сантиметрді көрсетті.

Шаған өзені төрт сағат ішінде (8:00-ден 12:00-ге дейін) 6 см-ге өсті. Белес ауданындағы Деркөл +3 см.

Шаған бөгетінде су 27.51 деңгейінде. Қауіпті деңгей 28.50

Үлкен су Орал маңын су басуды жалғастыруда. Теректі ауданы Подстепное ауылының тұрғындары эвакуацияның қалай өтіп жатқанын айтып берді. Ауылды Советская көшесі бойындағы асфальтталған жол бөліп тұр. (бұл Самара-Шымкент автожолының кешеден бастап қозғалысы жабық учаскесі). Жолдың бір жағында үйлер, мектеп, дүкендер су астында қалды. Екінші жағында үлкен шалшықтар бар, бірақ су тұрғын үйлерге жете алмады. Мұнда эвакуациялық пункттер бар, оларға әр сағат сайын жергілікті тұрғындар келуде.

Кеше еріген суларды бұру бойынша жер жұмыстарын жүргізу кезінде экскаватор Ду-160 мм орташа қысымды жерасты полиэтилен газ құбырына зақым келтірді, нәтижесінде жеке сектордың 2 639 тұтынушысы және Подстепное ауылының әлеуметтік нысандары газбен жабдықтаусыз қалды.

Қазір газ қызметінің қызметкерлері газ құбырының авариялық учаскесін инертті материалмен толтырып және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін жерде су айдау жұмыстарын жүргізуде.

БҚО ТЖД ақпараты бойынша, температураның +15 …+20 градусқа көтерілуіне байланысты 2-4 сәуір аралығындағы кезеңде облыста, сондай-ақ өзендер арнасын еріген сумен толтыру кезінде мұз құбылыстарының әлсіреуі, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі және қауіпті белгілердің артуы күтіледі, бұл ретте төгілулер мен су тасқыны болуы мүмкін.

– Тұрғындардан эвакуацияға дайын болуын, қажетті құжаттар мен заттарды жинауын сұраймыз. Бірнеше күндік азық-түлік қорын алыңыз. Жарияланған эвакуациялық пункттерге барыңыз, – деп хабарлады ТЖД.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.1 ℃
Вечером11.15 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.65 м/с
2025-03-29
Утром3.05 ℃
Днем10.4 ℃
Вечером12.03 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.48 м/с