Ириклин су қоймасынан су жіберу секундына 620 текше метрге дейін өсті

2 сәуірден 3 сәуірге қараған түні Ириклин су қоймасынан судың ағуы шамамен 2 есе өсті. Алайда, бұл шегі емес сияқты.

Ириклин су ағынына әсер ететін су қоймалары толып кетті. Башқұртстанда транзиттік су ағызу басталды. Бұл дегеніміз, Ириклин су қоймасы ағынның ұлғаюы, осыған байланысты су жіберу өседі. Бұл туралы Урал56.Ру-ға су ресурстары федералды агенттігінің Орынбор облысы бойынша Нижне-Волжско бассейндік су басқармасының су ресурстары бөлімінің бастығы Сергей Ридель хабарлады.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 2 сәуір күнгі сағат 20.00-дегі мәліметі бойынша Жайық өзені Бәйтерек ауданы Январцев елді мекені тұсында 613 (қауіпті шегі – 1250 см), Шаған Чувашинде 1264 (1280-1300), Деркөл Белесте 708 (600-650), Быковка Құрманғазыда 821 (810), Қараөзен Казталов ауданы Жалпақтал ауылында 745 (790-820 см) сантиметрге жетті.

Сонымен қатар, Шаған және Деркөл өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қазіргі таңда Самал ауданы маңындағы саяжайларға су келіп жатыр.

Орал. Видеодан кадр: instagram.com/uralskakimat 

«Сол себепті осы аумақта орналасқан «Мичуринское», «Объединённое», «Ветеран», «Звёздочка» саяжайларындағы адамдарды эвакуациялау жұмысы басталды. Уақытша тұратын үйлері жоқ адамдар эвакуациялық пункттерге орналасуда. Тұрғындарды эвакуациялауға барлығы 12 автобус жұмылдырылған», – деп хабарлайды әкімдік.

Бос қалған үйлерді полиция қызметкерлері күзетіп жүр. Айта кетейік, қазіргі уақытта қаладағы өзен маңындағы саяжайларда шамамен 10 мыңнан аса адам тұрады.

Шаған өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Орал қаласында Самал ауданындағы аспалы көпірде мұз кептелісі пайда болды. Өзендегі мұз кедергісіз өту үшін аталған аудандағы аспалы көпірді кесу туралы шешім қабылданды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-07
Утром-8.53 ℃
Днем-4.86 ℃
Вечером-5.91 ℃
Ночью-6.95 ℃
Влажность58 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра3.11 м/с
2024-12-08
Утром-8.13 ℃
Днем-4.25 ℃
Вечером-5.78 ℃
Ночью-6.52 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра4.19 м/с