БҚО Антикор құрылысы кешіктірілген 4 әлеуметтік нысанды бақылауға алды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірлерде жемқорлық тәуекелдерінің карталарын іске асыру шеңберінде құрылысы кешіктірілген 156 әлеуметтік нысанды сүйемелдеуге алған болатын. Оның ішінде 7 нысан БҚО-да орналасқан.

«ОА» фотоқорынан

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды.

Отырыс барысында әлеуметтік проблемалық объектілерді салуға, реконструкциялауға, сондай-ақ жөндеуге байланысты мәселелер қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірлерде жемқорлық тәуекелдерінің карталарын іске асыру шеңберінде құрылысы кешіктірілген 156 әлеуметтік нысанды сүйемелдеуге алған болатын. Оның ішінде 7 нысан БҚО-да орналасқан.

Олар Жаңа өмір кентінің ЖТҚ жер учаскелерін инфрақұрылымымен қамтамасыз ету, Орал қаласын сумен жабдықтауға арналған сорғы станциясын салу, Орал ЖЭО-ны қайта жаңарту, Шалғын ауылында 60 орындық мектеп салу, «Барбастау-Ақжайық-Индер» автожолын қайта жаңарту, «Федоровка-Ақсай» облыстық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу, Казталовка ауылында 600 орындық жалпы орта білім беретін мектеп салу сияқты объектілер.

Департамент жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бұзушылықтарды жою және олардың құрылысын аяқтау жөнінде шаралар қабылдау жөніндегі Жоспарды әзірлеген болатын.

Мәселен, 2023 жылы Казталовка ауылында 600 орындық мектептің құрылысы аяқталды.

Ағымдағы жылы Департамент пен уәкілетті органдардың бірлескен жұмысының арқасында Қаратөбе ауданы Шалғын ауылында 60 орындық мектеп құрылысы, «Теректі ауданы Жаңа-өмір кентінің ЖТҚ жер учаскелерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» объектісінің құрылысы аяқталды.

Қалған нысандар бойынша сүйемелдеу жалғасады. Құрылыстың ұзаққа созылуының себептері мердігерлік ұйымдармен және жобаларды түзетумен байланысты мәселелер болып табылады.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдардың басшыларына ұзақ құрылыстарды пайдалануға беру үшін құрылыс процесін жеделдету жөнінде жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Антикор БҚО өңірдегі жемқорлық тәуекелдер Картасына енген 7 нысанды бақылауға алды

БҚО ұзақ мерзімді құрылыстары: 14 млрд теңге сомасына 7 әлеуметтік нысан «тоқтап қалды»

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-19
Утром13.7 ℃
Днем22.56 ℃
Вечером21.77 ℃
Ночью17.27 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра5.96 м/с
2025-04-20
Утром14.84 ℃
Днем24.41 ℃
Вечером24.42 ℃
Ночью20.31 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.2 м/с