БҚО-да жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылды
Есірткілік масаң күйде көлік құралын басқарған азамат жазаланды.

Бәйтерек аудандық сотында азамат ҚК-нің 346-бабы 1 –бөлігімен көлік құралдарын басқару құғынан айырылған және есірткілік масаң күйде көлік құралын басқару үшін азамат А.қатысты қылмыстық іс қаралды
Сотталушы А. кінәні толық мойындады және сот оған 6 (алты) ай бас бостандығынан айыру, өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айыру, ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу түріндегі жазаны тағайындады.
Үкім занды күшіне енген жоқ.