Денсаулық сақтау министрлігі су тасқыны жағдайына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан облыстарының тұрғындарына ұсыныстарын айтты.

Министрліктің ресми парақшасында ведомство су басқан өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ерекше бақылауда ұстап отырғанын жазған. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭҚ) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылған.

«Қазақстанда су тасқынына тән инфекциялар бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады.

Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында СЭҚ ауыз сумен қамтамасыз етуді бақылауды күшейтті. Су тасқыны басталғалы бері 4 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынып, санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша тексерілді», – делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, судың сапасы мен қауіпсіздігіне зертханалық бақылау нәтижелері бойынша жұқпалы аурулардың су арқылы таралу қаупі жоқ.

«Су тасқыны кезінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу және су басқан учаскелерде аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету үшін өңірлерге Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары жіберілді.

Өңірлерде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда», – дейді ведомство өкілдері.

Бұған қоса Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында мынандай кеңес береді:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында мыналарды ұсынады:

1.⁠ ⁠Ішу және тамақ пісіру үшін тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз;

2.⁠ ⁠Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеңіз;

3.⁠ ⁠Су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен су тасқыны үшін қол жетпейтін жерлерде сақтаңыз;

4.⁠ ⁠Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендеуден, тамақ дайындаудан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз;

5.⁠ ⁠Су тасқынынан кейін барлық бөлмелерді дезинфекциялық ерітінділермен өңдеңіз;

6.⁠ ⁠Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, нәжістің босауы, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.), бұл туралы дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Бектенов су басқан аймақтардағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейтуді тапсырды

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-19
Утром13.7 ℃
Днем22.56 ℃
Вечером21.77 ℃
Ночью17.27 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра5.96 м/с
2025-04-20
Утром14.84 ℃
Днем24.41 ℃
Вечером24.42 ℃
Ночью20.31 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.2 м/с